Мақтаарал ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2022 жылға квоталар белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 254 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18- бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан бостылған адамдарды 2 қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының талаптары қатаң сақталсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Ешанкуловаға жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Мақтаарал ауданы әкімі Б.Асанов

  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 254
қаулысына № 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Мақтаарал ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

42

2,3%

1

2.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің "Мырзакент-Қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

71

1,4%

1

3.

Мақтаарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мақтаарал-Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

66

1,5%

1


Барлығы

179


3

 
  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 254
қаулысына № 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Мақтаарал ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

42

2,3%

1

2.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің "Мырзакент-Қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

71

1,4%

1

3.

Мақтаарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мақтаарал-Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

66

1,5%

1


Барлығы

179


3

 
  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 254
қаулысына № 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Мақтаарал ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болыпта былатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

42

2,3%

1

2.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің "Мырзакент-Қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

71

1,4%

1

3.

Мақтаарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мақтаарал-Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

66

1,5%

1


Барлығы

179


3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады