2022 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 255 қаулысы

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 09.11.2022 № 690 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 09.11.2022 № 690 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Ешанқұловаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақтаарал ауданы әкімі Б.Асанов

  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 255
қаулысына № 1 қосымша

2022 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 09.11.2022 № 690 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ж.Нурлыбаев атындағы № 49 жалпы орта мектебі" КММ

62

2

2.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Қайсенов атындағы № 51 жалпы орта мектебі" КММ

61

2

3.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ш.Бектасов атындағы № 38 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

3

4.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 9 жалпы орта мектебі" КММ

106

3

5.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "И.Панфилов атындағы № 33 жалпы орта мектебі" КММ

76

2

6.

"Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Мейірім-Шапағат" күндіз болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

124

3

7.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің № 10 "Асыл мұра" жалпы орта мектебі" КММ

107

3

8.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің № 21 "Нұрлы жол" жалпы орта мектебі" КММ

54

2

9.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жамбыл атындағы № 39 жалпы орта мектебі" КММ

130

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады