Отырар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2023 жылға квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № 295 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 31.07.2023 № 175 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Сұлтанханов

  Отырар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 қарашадағы
№ 295 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Жұмыс орындарының саны

Отырар ауданының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отырар аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

114

1 (1,14)

1

 
  Отырар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 қарашадағы
№ 295 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Жұмыс орындарының саны

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

121

1 (1,21)

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады