Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 175 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:

      1) Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № 294 "Мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы;

      2) Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № 295 "Отырар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2023 жылға квоталар белгілеу туралы" қаулысының күштері жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Сұлтанханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады