"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 213 "Сайрам ауданы әкімі аппаратының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4606 тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сайрам ауданы әкімі аппаратының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс";
41-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
"41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады";
42-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | М.Оразалиев |