Сайрам ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 29 қарашадағы № 443 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 тамыздағы № 307 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 21.08.2023 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков

  Сайрам ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 443 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) Жұмыскерлердің тізімдік саны

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жүмыс орындарының саны

1.

"Сайрам тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

93

2%

2

2.

"Дихан-К" өндірістік кооперативі

20

4%

1

3.

Жеке кәсіпкер "Али"

10

6%

1

4.

"КАРАТАЙ" шаруа қожалығы

12

6%

1

5.

"Береке-ел" өндірістік кооперативі

10

6%

1

6.

Жеке кәсіпкер "АЛТЫН"

11

6%

1

7.

Жеке кәсіпкер "Шадиметов"

6

9%

1

8.

Жеке кәсіпкер "Құтарыс тазалық"

5

10%

1

9.

"Mankent Agro" өндірістік кооперативі

6

9%

1


Барлығы



10

 
  Сайрам ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 443 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2023 жылға квотасы

Ұйымат ауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) Жұмыскерлердің тізімдік саны

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жүмыс орындарының саны

1.

"Сайрам тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

93

1%

1

2.

Жеке кәсіпкер "АЛТЫН"

11

6%

1

3.

"Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Таза ауыл" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

6

9%

1

4.

"Бүркіт" шаруа қожалығы

5

10%

1

5.

"Талат" шаруа қожалығы

10

6%

1


Барлығы



5

 
  Сайрам ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 443 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) Жұмыскерлердің тізімдік саны

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жүмыс орындарының саны

1.

Жеке кәсіпкер "Али"

10

6%

1

2.

"Mankent Agro" өндірістік кооперативі

6

9%

1


Барлығы



2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады