Созақ ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 357 қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 22 шілдедегі № 178 қаулысы

      Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2021 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына бекіту туралы" № 498 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысы Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Созақ ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 357 қаулысына өзгерістер енгізілсін:

      1) Осы қаулының "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" деген сөздер "Мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" сөздермен өзгертілсін.

      2) Осы қаулыда көрсетілген "ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін" деген сөздер, "ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін" деген сөздермен алмастырылсын.

      3) Осы қаулының 1 қосымшасының тақырыбындағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота" деген сөздер "Мүгедектігі бар адамдар үшін квота белгіленген ұйымдардың тізбесі" деген сөздермен жаңа редакция мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Оразов

  Созақ ауданы әкімдігінің
"22" шілде 2022 жылғы
№ 178 қаулысына
1-қосымша

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыскер-лердің тізімдік саны

Квота-ның мөлшері (%)

Белгілен-ген квота

Оның ішінде: жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың саны

Мүгедектігі бар адамдар үшін квота белгіленген жұмыс орындары-ның саны

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

106

3

3

1

2

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

139

3

4

3

1

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

57

2

1

0

1

4

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Науайы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

221

3

6

4

2

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

0

1

6

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

65

2

1

0

1

7

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

153

3

4

3

1

8

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қаламбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

61

2

1

0

1

9

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ләнде Бөкенов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

170

3

5

4

1

10

Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шолаққорған-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

216

3

6

2

4


Барлығы:

1239

х

32

17

15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады