Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 28 қарашадағы № 346 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 195 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 06.09.2023 № 195 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Созақ ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оразовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданы әкімі М.Турысбеков

  Созақ ауданы әкімдігінің
"28" қарашадағы 2022 жылғы
№ 346 қаулысына 1 қосымша

2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шолаққорған-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

233

1%

2

 
  Созақ ауданы әкімдігінің
"28" қарашадағы 2022 жылғы
№ 346 қаулысына 2 қосымша

2023 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Созақ Сәулет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

68

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады