2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша "Мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"

Күшін жойған

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 28 қарашадағы № 347 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 06.09.2023 № 196 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Созақ ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданы әкімі М.Турысбеков

  Созақ ауданы әкімдігінің
"28" қарашадағы 2022 жылғы
№ 347 қаулысына қосымша

2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Ұйымның штаттық құрамы

Квота мөлшері (%)

Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

226

3

4

3

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

109

3

2

1

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Әуезов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

61

2

0

1

4

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ләнде Бөкенов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

187

3

3

3


Барлығы:

583

х

9

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады