Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына, аудандық жер комиссиясының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 12 қорытындысына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "СтройЦентр-ЭК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Шымкент-Чорджоу" магистралды мұнай құбырын қазып алу жұмыстарын жүргізу үшін Шардара ауданы, Қоссейіт ауылдық округі аумағынан 0,198 га ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінен жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) ай мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Таженовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Жолдыбай |