2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 348 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 156 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 10.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданының әкімі А.Есбаев

  Келес ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "02" желтоқсандағы
№ 348 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№1 О.Есімов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

154

0,7%

1

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№26 "Келес" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

91

1%

1

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№8 Т.Бегманова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

133

1%

1

4

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№20 Т.Бердияров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

151

0,7%

1

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№19 Б.Майлин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

106

1%

1

6

Түркістан облысының ауыл шаруашылық басқармасының "Ветеринариялық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Келес аудандық филиалы

147

1%

1

7

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№43 "Болашақ" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

132

1%

1

8

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№49 "Қоңыртөбе" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

1%

1

9

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Абай" Келес аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1346

0,15%

2

 
  Келес ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "02" желтоқсандағы
№ 348 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Абай" Келес аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1346

0,15%

2

 
  Келес ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "02" желтоқсандағы
№ 348 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Келес ауданы әкімдігінің "Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

145

1 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады