"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабының 5-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келес ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 332 "Келес ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Келес ауданы әкімінің орынбасары С.Қарақұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Есбаев |