"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 3 қаулысы. Жойылды-Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 181 қаулысымен

      Ескерту. Жойылды-Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.08.2022 № 181 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиттері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы № 355 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілсін.

      3. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының "Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      4. Мынадай:

      1)"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 168 қаулысының;

      2)"Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 349 қаулысының;

      3)"Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 219 қаулысының күші жойылсын.

      4. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облысының
қаржы басқармасының басшысы
_____________
2022 жылғы "5" қаңтар
Д. Рахметкалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облысының
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
_____________
2022 жылғы "5" қаңтар
С. Улакова

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы "5" қаңтардағы
№ 3 қаулысына 1 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1."Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының аумағында мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2.Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3.Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4.Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5.Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6.Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7.Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 63.

      9.Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10.Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11.Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12.Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13.Міндеттері:

      1)Шығыс Қазақстан облысы халықтарының мәдениетін мемлекеттік қолдау, мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

      2)тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету.

      3)мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші қызметін кеңейту;

      4) облыстағы тілдік әралуандықты сақтау.

      14.Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1)өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдардан, лауазымдық тұлғалардан, ұйымдар мен олардың жетекшілерінен, азаматтардан сұрау және алуға.;

      2)арнаулы білім және тәжірибені қажет ететін кеңес алу, мәселелерді зерттеу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз кеңесшілерді) тартуға;

      3)тұлғалардың Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттеріне жол бермеу және оларды жауапкершілікке тарту жөнінде құзыретті органдарға ұсыныс енгізуге;

      Міндеттері:

      4)уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстармен фестивальдерді өткізуді ұйымдастыруға;

      5)Басқарма қарамағындағы ұйымдардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім беруге;

      6)Қазақстан Республикасы заңнамасы шегінде өз миссиясын, міндеттері мен функцияларын орындау бойынша өзге де шараларды қабылдауға;

      7)Басқарма осы Ереженің 15-тармағында көзделген функцияларды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

      15.Функциялары:

      1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;

      3) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

      5) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;

      6) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;

      8) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;

      9) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      10) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      11) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      12) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

      14) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

      15) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

      16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      17) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      18) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      19) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келіседі;

      20) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияларды құрады;

      21) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      22) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, олар туралы хаттама жасайды және сотқа жолдайды;

      23) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру, сапа бақылауы және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен процедурасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      24) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      25) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;

      26) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;

      27) облыстық ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;

      28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16.Басқармаға башылығына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) шарт жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) банк шоттарын ашады;

      6) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының, мекемелері мен ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      8) басқарма қызметкерлері мен басқарма басшысы тағайындайтын өзге де қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      9) өз орынбасарының және Басқарманың өзге де қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды, ол үшін дербес жауапты болады;

      11) ерлер мен әйелдердің Мемлекеттік қызметке олардың тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен және әкімімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      21. Басқарма аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.

4- тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған берілген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      5. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      7. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      9. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан Өнер музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      10. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      11. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      13. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Зайсан тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      14. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Риддер тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      15. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Тарбағатай тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      16. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      17. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      18. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Абай атындағы театр" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      19. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Ертіс концерт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      20. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы "5" қаңтардағы
№ 3 қаулысына 2 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы

      Басқарма басшысы

      Басшы орынбасары

      Басшы орынбасары

      Мәдениет және өнер бөлімі

      Тарихи-мәдени мұраны қорғау және мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бөлімі

      Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі

      Жоспарлау, талдау және мониторинг бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады