"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 181 қаулысы. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 06.12.2022 № 301 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, 39-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, "Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиттері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 шілдедегі № 163 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес кейбір коммуналдық заңды тұлғалар қайта аталсын.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілсін.

      4. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.

      6. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт (С.К. Кусумбаев), қаржы (Д.Е. Рахметқалиев) басқармалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысы
әкімінің міндетін атқарушы
А. Сматлаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облысы
қаржы басқармасының басшысы
_____________
2022 жылғы "4" тамыз
Д. Рахметқалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
_____________
2022 жылғы "4" тамыз
С. Улакова

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы 4 тамыздағы № 181
қаулысымен бекітілген
1 қосымша

Қайта аталған коммуналдық заңды тұлғалар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.10.2022 № 256 қаулысымен.

   №

Қайта аталуға дейінгі коммуналдық заңды тұлғалар атауы

Қайта аталғаннан кейінгі коммуналдық заңды тұлғалар атауы

1

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-интернаты-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-интернаты-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

4

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт-техника мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт-техника мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

5

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қажымұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Қажымұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

6

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ауыр атлетика бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Ауыр атлетика бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

8

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

9

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

11

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

12

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

13

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

14

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдердің шайбалы хоккей бойынша олимпиадалық резервтегі арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдердің шайбалы хоккей бойынша олимпиадалық резервтегі арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

15

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

16

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

17

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай ауданының Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Алтай ауданының Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

18

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Глубокое ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Глубокое ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

19

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқарсасының "Зайсан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқарсасының "Зайсан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

20

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Катонқарағай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Катонқарағай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

21

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Күршім ауданының көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Күршім ауданының көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

22

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Көкпекті ауданының балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Самар ауданының балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

23

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Көкпекті ауданының № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Самар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

24

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт асқармасының "Риддер қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Риддер қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

26

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының Бақытхан Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының Бақытхан Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

27

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

28

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының ат спортының ұлттық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Өскемен қаласының ат спортының ұлттық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

29

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Өскемен қаласының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

30

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Өскемен қаласының кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

31

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының спорт ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Өскемен қаласының спорт ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

32

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шемонаиха ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шемонаиха ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

33

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы "Шығыс Қазақстан облыстық волейболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасы "Шығыс Қазақстан облыстық волейболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

34

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы "Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасы "Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

35

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

36

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

37

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

38

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

39

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

40

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

41

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан Өнер музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан Өнер музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

42

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

43

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Зайсан тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Зайсан тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

44

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Риддер тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Риддер тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

45

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

46

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

47

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Ертіс концерт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Ертіс концерт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы "4" тамыздағы
№ 181 қаулысына 2 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының аумағында мәдениет және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 63.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Шығыс Қазақстан облысы аумағында спорттың барлық түрлерінің дамуына қолдау көрсету;

      2) дене шынықтыру және спорт саласында материалдық база құру және нығайту, тиісті инфрақұрылымдарды дамыту;

      3) Шығыс Қазақстан облысы халықтарының мәдениетін мемлекеттік қолдау, мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

      4) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету.

      5) Қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші қызметін кеңейту;

      6) облыстағы тілдік әралуандықты сақтау.

      14. Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдардан, лауазымдық тұлғалардан, ұйымдар мен олардың жетекшілерінен, азаматтардан сұрау және алу;

      2) Басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

      3) арнаулы білім және тәжірибені қажет ететін кеңес алу, мәселелерді зерттеу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз кеңесшілерді) тарту;

      4) тұлғалардың Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт саласындағы қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттеріне жол бермеу және оларды жауапкершілікке тарту жөнінде құзыретті органдарға ұсыныс енгізу;

      Міндеттері:

      5) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      6) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстармен фестивальдерді өткізуді ұйымдастыру;

      7) Басқарма қарамағындағы ұйымдардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім беру;

      8) Басқарма осы Ереженің 15-тармағында көзделген функцияларды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыру;

      9) Қазақстан Республикасы заңнамасы шегінде өз миссиясын, міндеттері мен функцияларын орындау бойынша өзге де шараларды қабылдау.

      15. Функциялары:

      1) мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

      3) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      4) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;

      5) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;

      6) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

      7) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      8) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      9) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

      10) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

      11) спортшыларға: "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;

      12) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      13) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

      14) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      15) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

      16) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

      17) олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған, мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

      18) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған, мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

      19) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      20) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;

      21) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      22) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      23) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

      24) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;

      25) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

      26) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

      27) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді;

      28) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастырады;

      29) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      30) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      31) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      32) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;

      33) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      34) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

      35) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;

      36) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      37) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;

      38) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;

      39) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      40) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      41) өз құзыреті шегінде мәдениет және спорт саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      42) облыстың мәдени және спорт мақсатындағы объектілердің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      43) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

      44) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

      45) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

      46) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      47) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      48) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      49) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келіседі;

      50) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияларды құрады;

      51) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      52) әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, олар туралы хаттама жасайды және сотқа жолдайды;

      53) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру, сапа бақылауы және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен процедурасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      54) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      55) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;

      56) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;

      57) облыстық ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;

      58) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Басқармаға басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) шарт жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) банк шоттарын ашады;

      6) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының, мекемелері мен ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      8) басқарма қызметкерлері мен басқарма басшысы тағайындайтын өзге де қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды, ол үшін дербес жауапты болады;

      10) ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке олардың тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен және әкімімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      21. Басқарма аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған берілген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-интернаты-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт-техника мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      5. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Қажымұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      7. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Ауыр атлетика бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      8. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      9. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      10. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      12. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      13. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      14. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдердің шайбалы хоккей бойынша олимпиадалық резервтегі арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      15. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      16. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      17. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Алтай ауданының Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      18. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Глубокое ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      19. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқарсасының "Зайсан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      20. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Катонқарағай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      21. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Күршім ауданының көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      22. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Самар ауданының балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      23. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Самар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      24. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Риддер қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      25. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      26. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының Бақытхан Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      27. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      28. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Өскемен қаласының ат спортының ұлттық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      29. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Өскемен қаласының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      30. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Өскемен қаласының кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      31. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Өскемен қаласының спорт ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      32. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шемонаиха ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      33. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық волейболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      34. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      35. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      36. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      37. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      38. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      39. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      40. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      41. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан Өнер музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      42. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      43. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Зайсан тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      44. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Риддер тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      45. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      46. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      47. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасының "Ертіс концерт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.10.2022 № 256 қаулысымен.

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы "4" тамыздағы
№ 181 қаулысына
3 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы

      Басқарма басшысы

      Басшы орынбасары

      Басшы орынбасары

      Басшы орынбасары

      Мемлекеттік қызметтер және әкімшілік жұмыстар бөлімі

      Қаржы-экономика бөлімі

      Жоғарғы спорт жетістіктері және бұқаралық бөлімі

      Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы "4" тамыздағы
№ 181 қаулысына
4 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 195 қаулысы.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 423 қаулысы.

      3. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 195 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 326 қаулысы.

      4. "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 3 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады