"Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 333 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 4 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және "Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиттері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 355 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 333 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күзтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2022 жылғы "5" қаңтардағы
№ 4 қаулысына 1 қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 333 қаулысына 1 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысында цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, архив ісі және құжаттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың жұмыс режимі, сондай-ақ Басқарманың әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын реттейтін өзге де актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Басқарманың құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.

      9. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыс бюджетінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Басқарманың мақсаттары:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

      2) Қазақстан Республикасы ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды, есепке алуды және пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Өкілеттіктері:

      Басқарма құқықтары:

      1) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де мемлекеттік органдардан, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан және олардың басшыларынан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

      4) облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      5) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жүргізуге;

      6) облыс әкімдігіне мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметтердің процестерін автоматтандыру, экономиканың негізгі салаларын цифрландыру, ақпараттандыру, архив ісі және құжат жасау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      7) облыс аумағында Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

      8) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

      9) Басқарманың енгізуіндегі ұйымдардың филиалдар мен өкілдіктерді құруына келісім беруге;

      10) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      Басқарма:

      1) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

      2) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауға және қарауға, олардың орындалуын бақылауға;

      4) жеке және заңды тұлғаларды және олардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

      5) мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілер қабылдауға жол бермеуге;

      6) жұмыс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманың талаптарын сақтауға;

      7) жергілікті атқарушы органдарды бұлтты құжат айналымы лицензияларымен және қашықтықтағы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      8) цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыруға;

      9) Шығыс Қазақстан облысы деңгейінде іске асырылатын цифрландыру саласындағы жобаларды танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

      10) облыстың ауылдық елді мекендерін Интернет байланыс арналарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге;

      11) "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын үйлестіру және іске асыруға;

      12) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыруға міндетті.

      16. Басқару функциялары:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;

      2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын және мемлекеттік органдардың сәулетін әзірлеу, іске асыру, іске асыруды сүйемелдеу, мониторингілеу және дамыту қағидаларын ескере отырып, "электрондық үкімет" архитектурасын, "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту;

      4) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын толтыруды жүзеге асыру, олардың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;

      5) мемлекеттік органның сәулетін бекіту және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз ету;

      6) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" сәулет порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және өзектілендіруді жүзеге асыру;

      7) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытудың жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты өзінің интернет-ресурстарында орналастыру;

      8) әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді, бастапқы бағдарламалық кодтарды (болған жағдайда), "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;

      9) техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын қағаз жеткізгіштерде сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына оның сұратуы бойынша ұсынады;

      10) "электрондық үкіметті" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;

      11) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қолжетімділікті ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайлар бөлу жолымен ұйымдастыру;

      12) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдайлар жасау;

      13) ашық деректерді қазақ және орыс тілдерінде ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      14) мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың дұрыстығы мен өзектендірілуін қамтамасыз етеді;

      15) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық қызметтер сатып алу;

      16) операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды беру;

      17) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау;

      18) операторға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік беру;

      19) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарының дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;

      20) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      21) сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінің құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастыру;

      22) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

      23) коммуналдық меншіктегі деректі тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, оларды сақтау және пайдалану;

      24) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

      25) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер базасын қалыптастыру;

      26) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;

      27) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің толықтыру көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және облыс, республикалық маңызы бар қала және астана аумағындағы архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;

      28) жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларының орындалуын ұйымдастыру;

      29) сараптамалық-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту;

      30) мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану;

      31) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарихы бойынша архивтік құжаттарды жинау және қайтару;

      32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Басқармаға басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      18. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      20. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;

      2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Басқарма басшысы орынбасарының, бөлім басшыларының және өзге де қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;

      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және Басқарма қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;

      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржылық құжаттамаға қол қояды;

      7) бөлімдердің ережелерін бекітеді;

      8) шарттар жасасады;

      9) сенімхаттарды береді;

      10) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін сенімхатсыз білдіреді;

      11) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      12) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      13) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      14) облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін орындайды;

      15) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      16) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      17) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Абай ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Бесқарағай ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Бородулиха ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      5. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Глубокое ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Катонқарағай ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      7. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Көкпекті ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      8. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Күршім ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      9. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Тарбағатай ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      10. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Ұлан ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Үржар ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      12. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Шемонаиха ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      13. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2022 жылғы "5" қаңтардағы
№ 4 қаулысына 2 қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 333 қаулысына 2 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы

      Басқарма басшысы

      Басшының орынбасары

      Әкімшілік-қаржы бөлімі

      Цифрландыруды дамыту бөлімі

      Ақпараттандыру бөлімі

      Архивтер және құжаттама бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады