Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы (Г.Г. Сағидуллина):
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін:
2) осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің:
1) 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 129 "Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы";
2) 2019 жылғы 26 маусымдағы № 210 "Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.С. Бұқтұғұтовқа жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 68 қаулысымен бекітілген |
"Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 03.07.2024 № 170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді және Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген басқа да актілерді қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070016, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазыбек би даңғылы, 11.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1)денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
2)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың барлық санатын медициналық көмек және дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
3)азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-әрекеттестікті жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1)құқықтары:
өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша меншік түріне қарамастан басқармалардан, кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан ақпарат сұрау және алу;
ведомстволық бағынысты ұйымдар мүліктерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
азаматтардың денсаулығын сақтау ісі мен денсаулық сақтауды дамытуға айрықша үлес қосқан медицина қызметкерлерінің кандидатураларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтар беруге, облыс әкімінің грамоталарымен марапаттауға облыс әкіміне ұсыну;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының бюджеттен қаржыландырылатын қызметтерінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызмет) көлемдерін айқындау;
ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық есептілігін қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) Міндеттері:
бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты игерілуін қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін, іске асырылуын мен мониторингін жүзеге асыру;
облыстың ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарларын талқылап, бекіту, олардың орындалуы туралы есеп алу;
облыстың ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарлары орындалуының талдауы мен бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) Шығыс Қазақстан облысы аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
5) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;
6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
7) медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында және оңалту қызметтерін көрсету мақсатында осы елді мекендердің денсаулық сақтау субъектілерінің қолданыстағы инфрақұрылым объектілерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) құрады;
8) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
9) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
10) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;
12) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуіне бақылауды ұйымдастырады;
13) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуіне бақылауды ұйымдастырады;
14) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру бойынша шаралар қабылдайды;
15) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;
16) төтенше ахуалдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді;
17) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
18) денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
19) денсаулықты нығайтуға, аурулардың профилактикасына, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
20) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және емделуін ұйымдастырады;
21) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;
22) дәріхана жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
23) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
24) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
25) туберкулезбен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімінің орындалуына жәрдемдеседі;
26) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, ауылдық елді мекендерде амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;
27) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
28) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және облыс әкіміне бекіту үшін ұсынады;
29) денсаулық сақтау ұйымдарында йодталған ас тұзымен және басқа да йод қосындыларымен байытылған тағамдық өнімдермен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
30) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және оны бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
31) паллиативтік медициналық көмекті қоспағанда, паллиативтік көмек беру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
32) "Кәсібі бойынша үздік" аталымын беруге тұлғаларды ұсынады;
33) интерндер мен резидент-дәрігерлерге тұратын және медициналық көмек көрсететін орындарды беруді (егер денсаулық сақтау ұйымы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы бар басқа елді мекенде орналасқан жағдайда) қоса алғанда, интерндер мен резидент-дәрігерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтау ұйымдарына орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
34) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауды жүзеге асырады;
35) денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
36) денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
37) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
38) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
39) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
40) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
41) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;
42) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
43) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
44) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;
45) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;
46) төтенше ахуалдар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
47) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
48) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;
49) халыққа әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді;
50) жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, ойынқұмарлықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын, консультативтік жұмысты жүзеге асырады;
51) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
52) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, Шығыс Қазақстан облысы шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
53) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын әзірлеп, бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;
54) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;
55) уәкілетті органға тиісті Шығыс Қазақстан облысы шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
56) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
57) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және жүргізеді;
58) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;
59) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
60) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;
61) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
62) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
63) терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады, шұғыл медициналық көмекті, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды медициналық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырады;
64) қандастар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;
65) Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
66) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды, оның ішінде өңірді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету нормативтерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
67) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін, медицина қызметкерлері біліктілігінің уақтылы арттырылуын бақылауды жүзеге асырады, жас мамандарды бөлуге қатысады;
68) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінде сотталғандарға медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарды (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар) ұйымдастырады;
69) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;
70) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;
71) ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындайды;
72) кемінде бес жыл мерзімге ауылдық жерге жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуді қамтамасыз етеді;
73) мыналарды:
денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету мониторингін жүзеге асыруды;
денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге халықтың қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
74) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
75) денсаулық сақтау саласында келіп түскен өтінішхатты Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қарайды;
76) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері
1) Басқарманың штаттық кестесін бекітеді, сондай-ақ Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;
2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамаға сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан шығады, Басқарманың атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды және сенімхаттарды береді;
6) Басқарманың бөлімдері туралы Ережені бекітеді;
7) Басқарманың актілеріне қол қояды, Басқарманың барлық қызметкерлерімен, облыстың ведомствоаралық медициналық ұйымдарының басшылары орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Басқарма басшысы және оның орынбасарлары облыс тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдауға міндетті және осыған дербес жауапты;
10) ерлер мен әйелдердің тәжірбиесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
11) шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңестерін енгізуді қамтамасыз етеді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
20. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
22. Мемлекеттік органның, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшысы бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауапкершілікте болады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
1.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар
3.Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
4.Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ана мен бала орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
5. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
6. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандырылған медициналық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
7.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
8.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
9.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
10.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
11. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының жедел медициналық жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
12.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
13.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының патологоанатомиялық бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
14.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен қаласының № 1 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
15.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен қаласының № 2 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
16.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен қаласының № 4 қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
17.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен қаласының № 1 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
18.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен қаласының балалар стоматологиялық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
19.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен қаласының жоғары медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
20.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Глубокое ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
21.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Риддер қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
22.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
23.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
24.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Алтай ауданы Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
25.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үлкен Нарын ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
26.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Катонқарағай ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
27.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Самар ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
28.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Күршім ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
29.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Марқакөл ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
30.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
31.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ұлан ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
32.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шемонаиха ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.