Риддер қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 948 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 809 қаулысы

      Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Риддер қаласының әкімдіктің 2021 жылғы 17 қарашадағы №948 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі" қаулысына № 2 қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда көрсетілген "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі" қаулысына қосымша осы қаулының № 3 қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) қаулының көшірмесін, Риддер қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін, Риддер қаласының әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін, Риддер қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой

  Риддер қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "25" тамыздағы
№ 809 қаулысына 1-қосымша
  Риддер қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "17" қарашадағы
№ 948 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

   №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Риддер қаласы әкімдігінің "Водоканал" щаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қәсіпорны

182

1%

2

2

"Фирма Эталон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

113

1%

1


Барлығы:

295


3

  Риддер қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "25" тамыздағы
№ 809 қаулысына 2-қосымша
  Риддер қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "17" қарашадағы
№ 948 қаулысына 3-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

    №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындары-ның саны (адам)

1

Риддер қаласы әкімдігінің "Водоканал" щаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қәсіпорны

182

1%

2

2

"Успех-Восток" Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

160

1%

2

3

"Тексти-Лайн Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

230

1%

2

4

"Service Line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

250

1%

3

5

"Гемма" Өндірістік-сауда фирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

155

1%

2

6

"Фирма Эталон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

113

1%

1


Барлығы:

1090


12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады