Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 1047 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      4. "Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) қаулының көшірмесін Риддер қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Риддер қаласының әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Риддер қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой

  Риддер қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 1047 қаулысына
1-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

   №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Л-ТВК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

140

1%

1

2

Риддер қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Водоканал" коммуналдық мемлекеттік қәсіпорны

213

1%

2

3

"Востоктехносервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

142

1%

1

4

"Гемма" Өндірістік-сауда фирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

147

1%

1

5

"Волна" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

1%

1

6

"Востокмонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

160

1%

2


Барлығы:

882


8

  Риддер қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 1047 қаулысына
2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

    №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Успех-Восток" Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

182

1%

2

2

"Риддер ТЭЦ" акционерлік коғамы

264

1%

3

3

"Фирма "Эталон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

143

1%

1

4

"Востокмонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

168

1%

2


Барлығы:

757


8

  Риддер қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 1047 қаулысына
3-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

    №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Service Line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

250

1%

2

2

"Тексти-Лайн Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

231

1%

2

3

"Риддер ТЭЦ" акционерлік коғамы

264

1%

3

4

"Фирма "Эталон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

143

1%

1

5

"Востокмонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

160

1%

2

6

"Л-ТВК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

140

1%

1


Барлығы:

1188


11


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады