"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімдігі сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 113 "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Д. У. Айтбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | Э. Тумашинов |