Мүгедек адамдар үшін 2022 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 405 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтай ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедек адамдар үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 116 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6853 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. А. Асқароваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. Охременко

  Алтай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 405 қаулысына қосымша

Мүгедек адамдар үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы

    № п\п

Ұйым атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квота мөлшері (%)

Квота бойынша жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

5

1

Алтай ауданы әкімдігінің "Горняк" мәдени-демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

110

3%

3

2

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 түзету мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

95

2%

2

3

Алтай ауданы әкімдігінің "Жылу-су орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

835

4%

33

4

"Алтай қаласының технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

55

2%

1

5

"Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

75

2%

1

6

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Алтай ауданының білім бөлімінің "№ 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

119

3%

3

7

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Алтай ауданының білім бөлімінің "Алтай қаласының мектеп лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

2%

1

8

"Алтай ауданының орталық кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2%

2

9

"Алтай ауданының мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

164

3%

5

10

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Грехово кентіндегі мүгедектерге арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

87

2%

1

11

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Алтай ауданының білім бөлімінің "Тұрғысын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

56

2%

1

12

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Алтай ауданының білім бөлімінің "Соловьево орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2%

1

13

"Стройшахтопроект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

66

2%

1

14

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Алтай ауданының білім бөлімінің "№ 8 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

81

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады