2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 қарашадағы № 519 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 1 – тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 – бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедекттігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 – бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Занының 46 – бабының 2 – тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 498 бұйрығының 8 – тармағына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Күршім ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" № 520 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 202 жылы 31 желтоқсанда № 151600 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2021 жылдың 12 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн

      ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамассыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау Күршім ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі А. Акышов

  Күршім ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 1 қарашадағы
№ 520 қаулысына
қосымша

2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

№ р/н    

Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы

Жұмыскерлер саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмыскер-лерінің тізімдік санынан)

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

1

"Күршім ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2

1

2

"№1 Ю.А.Гагарин атындағы Күршім орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

97

2

2

3

"Құйған орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

64

2

1

4

"Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

87

2

2

5

Күршім ауданы әкімдігінің "Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

83

2

2

6

"Қалжыр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

98

2

2

7

"№4 Күршім орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

99

2

2

8

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Күршім орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорны

315

4

13

9

"№5 Күршім орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2

1

10

"Шығыс Қазақстан облысы Күршім колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

11

"№3 Күршім гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

114

3

3

12

"№1 Марқакөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

114

3

3

13

Күршім ауданы "Шабыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

109

3

3

14

"Қаратоғай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады