Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызмет есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 691 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1) тармақшасына,Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына,Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда 2023 жылға жұмыс орындары квота белгіленсін:

      1) Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін;

      2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін;

      2. Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте

      1) осы қаулыны Тарбағатай ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 288 " Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы " қаулысының, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 166218 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болатбек Омарбекұлы Мамарбаевқа жүктелсін.

      Тарбағатай ауданының әкімі Д. Жоргекбаев

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "05"12
№ 691 қаулысына
1- қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы

Жұмыскерлер саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмыскер-лерінің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасы

1

Тарбағатай аудандық ауданаралық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

316

1

1

2

"Аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

35

1

1

  Аудан әкімдігінің
2022 жылғы "05 " 12
қаулысына № 691
2- қосымша

Пробация қызметінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

№ р/н

Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы

Жұмыскерлер саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмыскер-лерінің тізімдік санынан)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасы

1

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Айзат Құрылыс"

50

1

1

2

Жауапкершлігі шектеулі серіктестігі "ПМК Құрылыс"

63

1

1

3

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Рыбаки Зайсана"

120

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады