Үржар аудандық әкімиятының 2005 жылғы 28 ақпандағы "Жергілікті атқарушы органдарының заңды қайта тіркелуін өткізу туралы"№ 91 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 117 қаулысы. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 423 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 15.09.2022 № 423 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" №480-V ҚРЗ Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үржар аудандық әкімиятының 2005 жылғы 28 ақпандағы "Жергілікті атқарушы органдарының заңды қайта тіркелуін өткізу туралы"№ 91 қаулысына (Үржар ауданының әкімдігінің 14.12.2017 жылғы № 359 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере келе) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Қаулының №2 қосымшасымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Науалы ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Науалы ауылдық округінің әкімі У.Сарсембаев заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Баймурзаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Н. Токсеитов

  Үржар ауданы әкімдігінің
28.03.2022 жылғы № 117
қаулысымен бекітілді

"Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Науалы ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округі Әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Аппарат") Науалыауылдық округі (бұдан әрі – "Округ") әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Аппараттың ведомстволары жоқ.

      3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6.Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7.Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Округ әкімі өкімімен және шешімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Аппараттын құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы, Бұхар- Жырау көшесі,15а, индекс 071725.

      10. Осы ереже Аппараттын құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Аппараттын қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1)Округ әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, сонымен қатар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;

      2)Округтің бюджетін жоспарлау және орындау аясында жергілікті атқарушы орган функцияларын жүзеге асыру, сонымен қатар заңнамаға сәйкес коммуналдық меншікті басқаруға;

      3)Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімі, мен әкімдігі мәслихаттың қойған актілермен тапсырмаларын қамтамасыз ету және бақылау.

      14. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтары:

      1)мемлекеттiк органдардан өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

      2)заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қарамағында бар ақпараттық деректер банктерiн пайдалануға;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, коммуникация және байланыс жүйелерін пайдалануға;

      4) өз құзыреттер шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құқықтық актiлерді қабылдауға;

      5)Әкім аппараты жанында консультативтік-кеңесші органдарды құруға;

      6)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      2. Міндеттері:

      1)Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;

      2)ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;

      3)Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;

      4)азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      5)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да міндеттерді орындауға.

      15.Функциялары:

      1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

      2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

      3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

      4) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

      5) Округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

      6) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;

      8) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

      12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      14) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

      15) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      17) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

      18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

      19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

      20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      22) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

      23) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

      24) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

      25) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

      26) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

      27) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;

      28) қажет болған жағдайда жатқан науқасты денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

      29) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

      30) Округте орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      31) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

      32) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      33) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      34) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді;

      35) қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      36) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

      37) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

      қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.

      38) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;

      39) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;

      40) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді.

      41)Округ бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ Округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару салаларындағы функцияларын жүзеге асырады.

      42) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан Округтің коммуналдық мүлкін басқаруды жүзеге асырады.

      43) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Аппаратты басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Аппараттын бірінші басшысы - әкім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға сайланады, өкілеттігін тоқтады және лауазымынан босатылады.

      18.Аппараттын бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) лауазымды тұлға болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

      2) мемлекеттік органының аппарат басшысы болып табылады;

      3) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

      4)берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      5)берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      6)берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

      7)жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

      8)басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

      9)берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

      10)бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

      11)мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      12)аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

      13)аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша Округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      14)мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

      15) Округ бюджетінің жоспарлануын және атқарылуын қамтамасыз етеді;

      16)аудан мәслихатына және жергілікті қауымдастықтың жиналысына Округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

      17)Округ бюджетінің орындалуы туралы шешім қабылдайды;

      18)жергілікті қауымдастықтың даму бағдарламасын жергілікті қауымдастық жиналысында бекітуге ұсыну және әзірлеу;

      19)Округтің коммуналдық меншігіне жататын объектілерді салуға реконструкциялауға және жөндеуге тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;

      20)жергілкті бюджетті нақтылауды бекіту кезінде аудан мәслихатының сессияларының жұмысына қатысады;

      21)қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықпен кездесу өткізеді.

      Аппараттың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Аппаратта заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Аппараттын мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20.Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппаратөзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Науалы ауылдық округінің әкімі Ү. Сарсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады