Үржар аудандық әкімиятының 11.01.2005 жылғы "Ауданның мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы" №12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 165 қаулысы. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 423 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 15.09.2022 № 423 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" № 480-V ҚР Заңының 65- бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үржар аудандық әкімиятының 11.01.2005 жылғы "Ауданның мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы" №12 қаулысына (Үржар ауданының әкімдігінің 28.12.2012 жылғы №591 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере келе) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Қаулының қосымшасымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы "Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Ж.Андасова) осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Турлыбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі Н. Токсеитов

  ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің
"15" сәуір 2022 жылғы
№ 165 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы "Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Шығыс Қазақстан облысы "Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Үржар ауданы аумағында мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар: 1) "Үржар аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Жедел басқару құқығындағы Үржар ауданы әкімдігінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071700, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 128.

      10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаты:

      Мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру, мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту.

      14. Өкілеттері:

      1. Құқықтары

      1) мемлекеттік органдардан өз міндеттерін орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

      2) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;

      3) заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік көліктерді, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;

      4) аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен құқықтық актілерді қабылдау;

      6) бөлімнің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;

      7 ) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

      2. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;

      2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;

      3) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;

      4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді сақтау.

      15. Функциялары:

      1) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

      2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

      3) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      4) театр, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, ауданның мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында өңірлік байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады.

      6) ауданның мәдени құндылықтардын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      7) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын өткізуді жүзеге асырады;

      8) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      9) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      10) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің ағымдағы және күрделі жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      11) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

      12) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      13) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдайды және жәрдем көрсетеді;

      14) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

      15) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      16) облыстардың атқарушы органдарына ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді;

      17) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      18) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы аудан аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

      19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3- тарау. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкiлеттiгі:

      1) Бөлімге жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;

      2) өз құзыреті шегінде бөлімнің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) бөлімнің техникалық персоналын жұмысқа қабылдайды, іссапарға жібереді және жұмыстан босатады;

      4) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;

      7) мемлекеттік органда, өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

      8) бөлімнің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4- тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi

      18. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      19. Бөлімге бекiтiлген мүлік ауданның коммуналдық меншiгіне жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5 - тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Бөлімді және ведомстволарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлім және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1) "Үржар аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2) Үржар ауданы әкімдігінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Бөлім басшысы Ж.Андасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады