Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылдық округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 15/10-VII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылдық округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы М. Желдыбаев

  Шемонаиха аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 11 ақпандағы
№ 15/10-VII шешімімен
бекітілді

Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылдық округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі ЖОСПАР

Кіріспе

      Осы Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылдық округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Жоспар мазмұны:

      1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Верх-Уба ауылдық округі аумағындағы жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Верх-Уба ауылдық округі аумағындағы жайылым жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізімі осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) Верх-Уба ауылдық округінің жайылым айналымдарының қолайлы схемалары осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) Верх-Уба ауылдық округі жайылымдарының сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес;

      5) Верх-Уба ауылдық округіндегі су көздеріне жайылым пайдаланушыларының қол жеткізу схемасы осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес;

      6) Верх-Уба ауылдық округіндегі жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы, осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес;

      7) Верх-Уба ауылдық округінің ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес жасалды.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық тексерудің жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтерді, ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректерді, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, малдардың түрлері мен жыныстық - жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, мәдени және аридті жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерін, мал айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтерді және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректерді ескере отырып қабылданды.

      Верх-Уба ауылдық округі Шемонаиха ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Уба өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Әкімшілік орталығы – Верх-Уба ауылы Шемонаиха қаласының аудандық орталығының 37 км оңтүстік-шығысына қарай орналасқан, округте 1 елді мекен бар.

      Верх-Уба ауылдық округінің жалпы ауданы 35188 га құрайды, оның ішінде санаттар бойынша:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 20204 га;

      елді мекендердің жерлері - 3027 га;

      өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер – 75 га;

      орман қорының жерлері - 9583 га

      су қорының жері – 384 га;

      қор жерлер - 1915 га.

      Табиғи-климаттық аймақтар: таулы шалғынды-дала, тау бөктеріндегі далалық орташа ылғалды. Климаты ауа температурасының үлкен тәуліктік және жылдық амплитудасымен кенет континенті, жылдық орташа жауын-шашыны 360-390 мм. Қысы қатты, жазы ыстық, ең төмен ауа температурасы -45, ең жоғары +40. Жылдық орташа температурасы +10. Салыстырмалы ылғалдығы - 68 %.

      Тұрақты қар жамылғысы қараша айының ортасында орнықтайды, сәуір айының бірінші онкүндігінде кетеді. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 130-150 күн.

      Негізгі су артериясы Уба өзені болып табылады, округ аумағында оған бұлақтардың үлкен көлемі құйылады. Негізгі ауылшаруашылық сумен жабдықтау шалағай суларда негізделіп жатыр, ал су көздерінің жеткілікті көлемі жайылым алқаптарының толық сулануын қамтамасыз етеді.

      Аумақтың топырақ жамылғысы тау-орман қышқыл және тау-орман ашық сұр топырақтармен көрсетілген, қара топырақтар (күлгінделген, сілтісізденген, оңтүстікті және кәдімгі), қызғылт топырақ, жайылмалық-шалғындық топырақтармен көрсетілген.

      Өсімдік жамылғысы таулы далалы-жазық түрлі шөпті-дәнді жазық, орташа ылғалды және түрлі шөпті-дәнді далаланған.

      Малды бағу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің және қордағы жерлерге енетін жайылымдар пайдаланылады.

      Округ аумағындағы шалғайдағы маусымдық жайылымдар жоқ.

      Округте 1 ветеринариялық пункт жұмыс істейді, 1 мал қорымы бар

      Разинский ауылдық округі бойынша барлығы: ірі қара мал 979 бас, оның ішінде сауын сиыр 421 бас, ұсақ қара мал 1084 бас, жылқы 289 бас бар ( № 1 кесте).

      № 1 кесте


Қолда бар мал басы

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

барлығы

оның ішінде сауын

Барлығы Верх-Уба ауылдық округі бойынша, оның ішінде:

979

421

1084

289

халқы

979

421

1084

289

ШҚ және ЖШС

0

0

0

0

      Округтер бойынша жайылымдарға қажеттілікті есептеу "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен белгіленген жүктеме нормаларына сәйкес жүргізілді, округ орналасқан табиғи аймақты және жайылым түрін алғанда, қолда бар мал басына сәйкес ІҚМ жүктеме нормасы кезінде - 2,5 га /бас, ҰМ - 0,5 га/бас, жылқы - 3га / бас.

      "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, Верх-Уба ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша 1052,5 га елді мекеннің қолда бар жайылым алқаптары кезінде 2122 га құрайды (№ 2 кесте), жайылым жетіспеушілігі жоқ.

  № 2 кесте

Ауылдық округі

Жайылым ауданы, (га)

Сауын сиырлардың бар болуы (бас)

Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас, (га)

Жайылымдардың қажеттілігі, (га)

Жетіспеушілігі, (га)

1

Верх-Уба

2122

421

2,5

1052,5

жоқ

      Елді мекен жерлерінің құрылымында ауыл шаруашылық алқаптар 2336 га, оның ішінде халық қажеттілігіне 1531 га алады.

      Верх-Уба ауылдық округіндегі жергілікті халықтың мал басы келесіні құрайды: ірі қара мал 979 бас, ұсақ қара мал -1084 бас, жылқы - 289 бас.

  № 3 кесте

Округ атауы

Елді мекендерге бекітілген жерлер

Оның ішінде халық қажеттілігіне арналған жайылым алқаптар

Халықтағы
ауыл шаруашылығы жануарлардың түрлері бойыншамал басының саны

оның ішінде

Бір мал басының орташа жүктемесі, га

Бағылатын жануарлардың нормативіне сәйкес жайылым қажеттілігі

Бағылатын жануарларға
жайылымдардың қосымша қажеттілігі

Жайылымдардың бос учаскелері есебінен қажеттілікті орындау

Қорада ұстау

Бағылатын

Верх-Уба ауылдық округі

3027

2122





1700

-422

жайылымдар қосымша талап етілмейді

Мал басы: ІҚМ



979

469

510

2,5

1275

ҰҚМ



1084

534

550

0,5

275

жылқылар



289

239

50

3

150

      Халықтағы бағылатын мал басына жайылым қажеттілігін есептеу кезінде округ бойынша қосымша жайылым талап етілмейді, жетіспеушілік жоқ.

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамы 7970 га жайылым бар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы барлық жерлер жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайдаланылуында және меншігінде.

      Округтің ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы мал басы – ЖШС, шаруа және фермерлік қожалықтарында жоқ, қосымша жайылым талап етілмейді, жетіспеушілік жоқ. (№ 4 кесте).

      № 4 кесте

Округ атауы

Елді мекендерге бекітілген жерлер

Оның ішінде халық қажеттілігіне арналған жайылым алқаптар

Халықтағы
ауыл шаруашылығы жануарлардың түрлері бойыншамал басының саны

оның ішінде

Бір мал басының орташа жүктемесі, га

Бағылатын жануарлардың нормативіне сәйкес жайылым қажеттілігі

Бағылатын жануарларға
жайылымдардың қосымша қажеттілігі

Жайылымдардың бос учаскелері есебінен қажеттілікті орындау

Қорада ұстау

Бағылатын

Верх-Уба ауылдық округі

20204

6574





0

-6574

жайылымдар қосымша талап етілмейді

Мал басы: ІҚМ



0

0

0

2,5

0

ҰҚМ



0

0

0

0,5

0

жылқылар



0

0

0

3

0

      Ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану кезінде астықтың жем-шөптік қасиеті мен табиғи және егілген жайылымдардың астық алымын төмендетуге жол бермеу үшін, жайылым айналымын сақтау қажет, ол жем-шөп базасының жағдайын жақсартады.

      Белгілі тәртіппен (маусым ішінде, бір жылдан кейін немесе бірнеше жылдардан кейін) жайылым айналымын пайдалану мерзімдері мен тәсілдері өзгеретін жайылымдарды пайдалану мен күтудің жүйесі жайылым айналымы деп аталады. Ол үшін мерзім бойынша мал жаю ауысымы мен шабындықты кезекпен ауыстырып отырады, жайылымға демалуға мүмкіндік береді.

      Табиғи-климаттық жағдайлар мен жайылымдардың нығыздылығына қарай (әсіресе тұрғындармен пайдаланылатын жайылымдарға белсенді қатысты) жыл маусымының ағымында айдаулардың дәйекті түрде ауысуымен үш айдаулық сызбасын көздейтін, ауысымдық-маусымдық жайылым айналмасы пайдаланылады. Жайылым айналманың осындай сызбасында әр учаскені айдауларға бөлу керек: маусымның басы, ортасы және соңы үшін.

      Жайылым айналымының қолайлы кестесін есепке ала отырып, жайылым айналымын мал бағуға арналған жайылымдарды ұйымдастыру кезінде пайдалану қажет, осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес.

      Әзірленген Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылдық округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалануға, олардың жағдайын, деградация үдерісін болдырмауға мүмкіндік береді.

  Шемонаиха ауданының
Верх-Уба ауылдық округі
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Верх-Уба ауылдық округі аумағындағы жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)




  Шемонаиха ауданының
Верх-Уба ауылдық округі
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
2-қосымша

Верх-Уба ауылдық округі аумағындағы жайылым жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізімі

Жер пайдаланушының атауы

Жайылым ауданы (га)

Түрлері бойынша қолда бар малдар (бас)

ІҚМ



1

Авдеев Игорь Борисович

23

0

0

0

2

Ахмеджанов Асен Ахмеджанович

14

0

0

0

3

Глушков Сергей Алексеевич

28

0

0

0

4

Гусляков Алексей Григорьевич

15

0

0

0

5

Демьяненко Владимир Анатольевич

5

0

0

0

6

Екимов Дмитрий Владимирович ФҚ ҚС

20

0

0

0

7

Лемешко Евгений Борисович

6

0

0

0

8

Смаилов Аскар Матаевич

12

0

0

0

9

Смирнова Оксана Семеновна

23

0

0

0

10

Эгамбердиев Рустам Шавкатжонович

10

0

0

0

11

Эгамбердиева Асия Айткановна

16

0

0

0

12

"Выдрихинское" ЖШС

12

0

0

0

13

"ГОРОДНИЧЕВА" ЖШС

10

0

0

0

14

"ЗАЩИТА УБА" ЖШС

5047

0

0

0

15

"Межовское" ЖШС

4

0

0

0

16

"Ново-Ильинское" ЖШС

487

0

0

0

17

"НПК "Биосфера плюс" ЖШС

5

0

0

0

18

"Саякова и К" ЖШС

15

0

0

0

19

"Сметанин" ЖШС

418

0

0

0

20

"ТРИ СОЛНЦА" ЖШС

73

0

0

0

21

"УБА АГРО" ЖШС

210

0

0

0

22

"Уба урожайная" ЖШС

95

0

0

0

23

"УБА-ПРОСТОР" ЖШС

26

0

0

0



6574

0

0

0

  Шемонаиха ауданының
Верх-Уба ауылдық округі
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
3-қосымша

Верх-Уба ауылдық округінің жайылым айналымдарының қолайлы схемалары




  Шемонаиха ауданының
Верх-Уба ауылдық округі
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
4-қосымша

Верх-Уба ауылдық округі жайылымдарының сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген картасы




  Шемонаиха ауданының
Верх-Уба ауылдық округі
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
5-қосымша

Верх-Уба ауылдық округіндегі су көздеріне жайылым пайдаланушыларының қол жеткізу схемасы




  Шемонаиха ауданының
Верх-Уба ауылдық округі
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
6-қосымша

Верх-Уба ауылдық округіндегі жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы




  Шемонаиха ауданының
Верх-Уба ауылдық округі
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
7-қосымша

Верх-Уба ауылдық округінің ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Мал жаю кезеңі

1 айдау

2 айдау

3 айдау

Ауданы, га

706

711

705

2022 жыл

мамырдың 1 он күндігі-маусымның 3 он күндігі

шілденің 1 он күндігі- тамыздың 3 он күндігі

қыркүйектің 1 он күндігі-
қазанның 3 он күндігі

2023 жыл

қыркүйектің 1 он күндігі-
қазанның 3 он күндігі

мамырдың 1 он күндігі-
маусымның 3 он күндігі

шілденің 1 он күндігі-
тамыздың 3 он күндігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады