"Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 134 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Ж.Меңдіғалиевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ғ.Есқалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2022 жылғы "8"шілде
№134 қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.02.2024 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Басқарма) Батыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі,116.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарманың заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаты:

      Батыс Қазақстан облысы аумағында энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Басқарманың алдына қойылған міндеттерді орындау жөніндегі ұсыныстарды және қаулылар мен шешімдер жобаларын әзірлеуді және облыс әкімдігі мен әкіміне ұсынуды жүзеге асырады;

      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер және басқа да заңды мәмілелер жасайды;

      2) міндеттері:

      энергетика, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің, қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;

      энергия үнемдеу, электр энергетикасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерін жылыту маусымына дайындау және тұрғын үй қорының жағдайына мониторинг жүргізу;

      коммуналдық қызметті тұтынушылар мен қызмет көрсететін кәсіпорындар арасында үйлесімді қызметті жүзеге асыру;

      15. Функциялары:

      1) Облыста электр энергетикалық кешеннің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      2) Жанар-жағармай материалдары бағасының мониторингі бойынша жұмысты үйлестіру;

      3) Облысқа сұйытылған мұнай газын жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      4) Облыстың сұйытылған мұнай газы бойынша күнделікті мониторинг жүргізуді бақылау және тұтынылатын көлемдер бойынша ай сайынғы есепті ұсыну;

      5) Өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс жүргізу;

      6) Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының "Жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама мәселелері бойынша жұмыс жүргізу;

      7) Баламалы энергия көздерін дамыту жөніндегі нысаналы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

      8) Ұлт жоспары-100 нақты қадамның үшінші бағыты, 51-қадам. "Өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіру" қадамдарын іске асыру;

      9) Жылыту маусымына дайындық шеңберінде энергетикалық кешен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру және энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға жұмысқа дайындығы паспортын беруге қатысу;

      10) "Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары" бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысу;

      11) "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асыру;

      12) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау жөніндегі жылдық ақпаратты ұсыну;

      13) Облыстың мемлекеттік энергетикалық тізілімі субъектілерінің тізбесін қалыптастыру;

      14) Облыстың энергетикалық кәсіпорындарының инвестициялық бағдарламалары бойынша қорытындыны қарау және ұсыну;

      15) Облыстың энергетикалық балансын айлар бойынша және жыл қорытындысы бойынша жинау және жасау;

      16) Өңірдің энергиямен жабдықтаушы ұйымдарымен жұмыстар жүргізу;

      17) "Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" ЖШС энергия беруші ұйымының мәселелеріне жетекшілік ету;

      18) Облыстың энергия беруші ұйымдарының күрделі және ағымдағы жөндеу кестелерінің орындалуын бақылау;

      19) "Батыс Қазақстан облысының 2022-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының" 82-тармағын іске асыру және есептерді ұсыну;

      20) 041 "Жылу-электр энергетикалық жүйесін дамыту" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру;

      21) "Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласы бойынша электр желілері мен генерациялайтын қуаттарды дамыту бағдарламасын" қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу;

      22) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;

      23) 032 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде су берушілерге ауыз суға субсидия беру;

      24) Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде машиналар және жабдықтардың, лифтілерді және лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға мониторинг жүргізу;

      25) Балалардың ойын алаңдарына арналған аттракциондардың мен жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуына мониторинг жүргізу;

      26) Коммуналдық кәсіпорындар, әлеуметтік объектілер және КПТҮ жылу беру маусымына дайындық және өту бойынша жұмыстарының мониторингін жүргізу;

      27) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын беру;

      28) Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын жобалау және салу талаптарының мониторингі.

      29) Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықты қауіпсіз пайдалану мониторингі

      30) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізу (инфекциялық және паразиттік аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);

      31) БҚО тұрғын үй шаруашылығы және тұрғын үй қоры саласында қабылданатын шаралар бойынша мониторинг жүргізу, көп пәтерлі тұрғын үйлер бойынша энергетикалық аудит жүргізуді ұйымдастыру;

      32) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған тұрғандарды түгендеу бойынша мониторинг жүргізу;

      33) "Елді мекендерді газдандыру" бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді газдандыруды іске асыру;

      34) Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй шаруашылығы саласындағы жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар туралы (көппәтерлі тұрғын үйлер мен авариялық үйлердің саны туралы, лифттердің жай-күйі туралы және т.б. ақпарат жинау),мониторинг жүргізу, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне есептер жүргізу және ұсыну.

      35) Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың саны туралы, тұрғын үй алған азаматтардың саны туралы, азаматтарға жалданған тұрғын үйлердің саны туралы, азаматтарға көрсетілген тұрғын үй көмегінің саны туралы және т. б. ақпарат жинау, мониторинг жүргізу, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне есептер жүргізу және ұсыну.

      36) тұрғын үй сертификаттарын беру жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

      37) 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін жетіспейтін инфрақұрылым құрылысын жүзеге асыру.

3. Басқарманың бірінші басшының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      2) Басқарма басшысы орынбасарларының, бөлім басшылары және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      4) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады