Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | А. Утегулов |
2022 жылғы 26 тамыздағы № 188 әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың көші-қоны, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың мынадай ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:
1) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Круглоозерное арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Шапағат" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Батыс Қазақстан облысыжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Бәйтерек арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 үй.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, оның дамуына жәрдемдесу;
2) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектігі бар адамдар мен басқа топтағы мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру;
3) қолданыстағы заңнамада көзделген жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтарын, мүдделерін, мемлекеттік кепілдіктерін қорғау;
4) әлеуметтік қорғау, соның ішінде мүгедектігі бар адамдар оңалту, қоғаммен етене араластыру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
7) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан өзінің функцияларын орындау үшін ақпаратты, қажетті құжаттарды сұрату және алу;
Басқарма қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын, сондай-ақ кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсіндірмелер беру;
жұмыспен қамту саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты реттеу;
Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды шешу үшін, Басқарманың және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша облыс әкіміне, облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына ұсыныстар енгізу.
2) міндеттері:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мекемелері қызметінің ұйымдастырылуына мониторигті жүзеге асыру;
Басқарманың бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және түзету;
Басқарма және ведомстволық бағынысты мекемелері үшін, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өткізу және талдау;
өз құзыреті шегінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер бойынша деректер базаларын сүйемелдеу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау;
мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну.
15. Функциялары:
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады;
2) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдауды жүзеге асырады;
4) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
5) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
6) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
8) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
9) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындауды жүзеге асырады;
10) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
12) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды бередi немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
13) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
14) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
15) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
16) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды және қандас куәлігін береді;
17) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;
18) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;
19 өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;
20) пана іздеген адамның куәлігін береді;
21) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;
22) босқын куәлігін береді;
23) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жібереді;
24) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияларды құрады;
25) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
27) ҚР "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;
28) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;
29) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
30) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
31) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi;
32) аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
33) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етуді үйлестіреді;
34) тұрғын үй көмегін көрсетуді үйлестіреді;
35) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
36) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен атаулы күндер және мереке күндеріне азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектерді көрсетуді үйлестіреді;
37) алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшеріне келісім береді;
38) аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша мониторинг жүргізеді;
39) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
40) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құру жөніндегі шараларды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
41) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін қамтамасыз етеді;
42) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
43) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
44) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
45) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсынады;
46) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады, оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарды Басқарманың атынан жасайды;
7) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
8) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты атқарылуын бақылайды;
9) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есеп материалдарын дайындау жұмыстарын бақылайды;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
11) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағытта дербес жауапты болады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.