"Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 286 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Батыс Қазақстан құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27қаңтардағы№25 "Батыс Қазақстан құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.

      3. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырудықамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н.Төреғалиев

  2022 жылғы "___" _____№ ____
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысыныңқұрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Басқарма) өз құзыреті шегінде Батыс Қазақстан облысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. БасқармаҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошта индексі L02M7K8, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі № 116 ғимарат.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыруҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірісәкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Батыс Қазақстан облысының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Батыс Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру;

      3) құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, құрылыс және объектілерді пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

      4) өз құзыреті шегінде құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша басқа мемлекеттік органдар мен құрылыс ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өзіне жүктелген міндеттер мен функциялар шегінде шешімдер қабылдайды;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және жеке және заңды тұлғалардан өз функцияларын орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады,сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

      өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін мәселелерді қарайды;

      заңнамада және басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, материалдарды сұрату және алу;

      облыста жүргізілетін қаржы-кредит, инвестициялық, салық саясаты мәселелері бойынша және облыста құрылыс саясатын жүргізуге әсер ететін басқа да жағдайларда шешімдерді әзірлеуге қатысу;

      жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік құрылыс саясатына сәйкес елді мекен аумағы шегінде мекендеу мен тіршілік етудің қолайлы ортасына азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған ұсыныстар енгізу;

      мердігер (бас мердігер) орындайтын жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      мердігерден талаптарды бұза отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға;

      техникалық қадағалау қызметін бақылауға;

      сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға;

      техникалық күрделі объектілерді, оның ішінде бірегей құрылыс объектілерін және ірі инвестициялық жобаларды салу үшін, жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушісімен (инвестормен)жобаны басқару бойынша инжинирингтік ұйымдарды тартуға;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға;

      2) міндеттері:

      құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру;

      объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге;

      техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеумен объектінің құрылысын қамтамасыз етуге;

      мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қабылдауға;

      техникалық және авторлық қадағалау үшін жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге;

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау органдары нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз етуге;

      техникалық қадағалау қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын объектіге жіберуді қамтамасыз етуге;

      объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объект орналасқан жердегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау органдарына объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және олардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны жіберуге;

      15. Функциялары:

      1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      2) халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың Бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына бекітугеенгізу;

      3) облыстық мәслихат мақұлдаған,халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

      4) ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихаттар мақұлдаған халықтың есептік саны жүз мың тұрғынға дейін облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық мәслихатқа қарамағындағы әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекараларын белгілеу немесе өзгерту жөнінде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгізу;

      6) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келісу;

      7) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар ету;

      8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) әзірлеуді, бекітуді және іске асыруды ұйымдастыру;

      9) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына көмек көрсету;

      10) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      11) халықтың есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

      12) аумақтарда құрылыс салу, құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      13) мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша олармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      15) құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық аумақтық бөлімшелерімен, сәулет-құрылыс бақылауының мемлекеттік органымен өзара іс-қимыл жасау;

      16) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарында жер заңнамасына сәйкес объектілер салуға жер учаскесін беру туралы шешімдер алу;

      17) құрылыс жобасын әзірлеу алдындағы және бағдарламаларды, есептерді, құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемелерін, техникалық-экономикалық есептерді, ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістердің нәтижелерін, технологиялық және конструкциялық есептерді, эскиздерді, макеттерді, өлшеулерді және объектілерді зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ шешімдерді қабылдау үшін қажетті өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын жобалау алдындағы құжаттаманы жинау, жобалау құжаттамасын әзірлеу және жобаларды кейіннен іске асыру;

      18) мемлекеттік бюджет және басқа да қаржыландыру көздері есебінен объектілер мен құрылыстарды жобалауға, реконструкциялауға және салуға конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу;

      19) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік актілеріне сәйкес конкурс негізінде өнім берушіні тарту арқылы (құрылыстың мердігерлік тәсілі кезінде) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы мен сапасын техникалық қадағалауды қамтамасыз ету;

      20) жалпы салалық және табиғат қорғау мақсатындағы объектілерді жобалау, қаржыландыру және салу кезінде тиімді инвестициялық саясат жүргізу;

      21) отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын, жаңа құрылыста инвестицияларды пайдалану тиімділік жағдайларды қалыптастыру;

      22) мемлекеттік бюджет және басқа да қаржыландыру көздері есебінен объектілерді салу, реконструкциялау және реставрациялау кезінде тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      23) объектілер мен олардың кешендерін салуға (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту) жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ коммуникациялар тарту, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру;

      24) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген әзірленген жобалау-сметалық құжаттама құжаттарының толық пакетін ұсыну;

      25) салынған объект бекітілген жобаға сәйкес ол толық дайын болған және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде оны пайдалануға қабылдау және беру;

      26) бүлінген құрылыстарды қалпына келтіру немесе бұзу жөнінде қабылданған шешімдер бөлігінде төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысу;

      27) белгіленген құзыреті шегінде аудандық және қалалық құрылыс органдарының қызметін үйлестіру;

      28) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функциялар.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады

      19. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

      2) өз орынбасарларының, бөлім басшылары мен басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

      8) Басқарманы мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мүдделерін білдіреді;

      9) гендерлік саясат мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді және осы бағыттағы жұмыс үшін дербес жауапты болады;

      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы орындалуын бақылайды.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      21. Басқармазаңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқармамүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады