"Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 287 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Төреғалиев

  Батыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы " " _____№ ___
қаулысына қосымша

"Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, №201.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Басқарманың мақсаттары: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      14. Басқарманың өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1) Басқарманың құзыретiне кiретiн облыс әкiмдiгiнiң және (немесе) әкiмiнiң шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң, қаулыларының жобасын дайындауға қатысу;

      2) заңнамамен бекiтiлген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, басқа да ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер сұрату, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдарға мәлiметтер ұсыну;

      3) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру және ревизияны жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастыру;

      4) Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзу;

      5) кеңестерді өткiзу тәртiбiн ұйымдастырады, облыс әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысады;

      6) Басқарма Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Міндеттері:

      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау;

      2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлерiн дамыту;

      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      4) әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу.

      15. Функциялары:

      1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

      2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, республикалық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;

      4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе өткізілетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;

      5) спорт түрлерi бойынша республикалық маңызы бар қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

      6) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      7) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      8) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

      9) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;

      10) спортшыларға: "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;

      11) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      12) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

      13) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      14) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

      15) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

      16) олимпиадалық резервтің республикалық маңызы бар қаланың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық маңызы бар қаланың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

      17) олимпиадалық резервтің республикалық маңызы бар қаланың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық маңызы бар қаланың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

      18) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша республикалық маңызы бар қаланың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      19) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      20) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      21) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      22) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

      23) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;

      24) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

      25) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітуге ұсынады;

      26) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітуге ұсынады;

      27) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастырады;

      28) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      29) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      30) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      31) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды басқарма басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;

      2) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерінің, Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;

      4) Басқарманың жұмыс жоспарларын бекітеді;

      5) Басқарманың атынан әрекет етеді;

      6) сенімхаттар береді;

      7) өз уәкілеттігі шегінде барлық Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды және нұсқаулар береді;

      8) Басқарма қызметкерлеріне, қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;

      9) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      10) Басқармада "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының орындалуына дербес жауапты болады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйтерек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бөкей ордасы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жаңақала ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жәнібек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жауынгерлік өнер қауымдастығының облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      8) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      9) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Казталов ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қаратөбе ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      13) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      14) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      15) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      16) "Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      17) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Олимпиада резервтерін даярлау орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      18) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      19) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Сырым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      20) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тасқала ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      21) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Теректі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      22) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Теннистен облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      23) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      24) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      25) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      26) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "№3 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      27) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жауынгерлік өнер қауымдастығының облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады