Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 9-5 "Орал қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 18-5 шешімі

      Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 9-5 "Орал қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар:

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картаны осы Жоспардың 8-қосымшасына сәйкес;";

      мынадай 8-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е.Калиев

  Орал қаласы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
Жоспарға 8-қосымша

Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген карта

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады