Орал қаласы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 2780 және Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-8 бірлескен қаулысы мен шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру Орал қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:

      1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      2) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға;

      3) бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға;

      4) 7 (жеті) жасқа дейінгі балалар;

      5) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар.

      2. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тариф құнының 50 (елу) пайызы көлемінде жеңілдетілген Орал қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:

      1) Мектеп тарифі – 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балалар тарифтің 50 (елу) пайызы мөлшерінде жол жүру құқығы немесе қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге;

      2) Мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүргендерге– тарифтің 50 (елу) пайызы немесе қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) теңгені, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңгемен жол жүру құқығына ие болу;

      3) зейнеткерлер үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде тарифтің 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге мөлшерінде жол жүру құқығы, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге;

      4) Есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдар үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге;

      3. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын.

      4. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      5. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласы әкімі М.Сатқанов
      Орал қалалық мәслихат төрағасы Е.Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады