Ақжайық ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 251 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Ақжайық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 54 "Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "30" желтоқсандағы
№ 251 қаулысына қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы, %

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Жаңабұлақ жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

2

1

2

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Талап" мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

84

2

1

3

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Қаршы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

2

1


Барлығы



3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады