Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 30.12.2022 № 251 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрығына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы №82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 наурызда №22386 болып тіркелді) сәйкес, Ақжайық аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға арналған тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.
2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №91 "Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6212 тіркелген, 2020 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығы күші жойылды деп танылсын.
3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Абугалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Е.Умитов |
Ақжайық ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "11" сәуірдегі № қаулысына қосымша |
Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота саны, % | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны |
1 | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Алмалы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 86 | 2 | 1 |
2 | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Бударин мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 80 | 2 | 1 |
3 | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Мерген жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 77 | 2 | 1 |
4 | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "О.Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 86 | 2 | 1 |
5 | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 69 | 2 | 1 |
6 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімінің "Тайпақ мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 53 | 2 | 1 |
Барлығы | 6 |