Жәнібек ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Жәнібек ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін он бес пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы №9 "Жәнібек ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 152571 тіркелген, 2021 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқұқтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын және Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Молдағалиевке  жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Сафималиев

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "14" қаңтардағы
№ 2 қаулысына 1-қосымша

Жәнібек ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның көлемі (% қызметкер лердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

"Әлем" шаруа қожалығы

6

15%

1

2

"Қайыр" шаруа қожалығы

4

15%

1

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "14" қаңтардағы
№ 2 қаулысына 2-қосымша

Жәнібек ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкер лердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкер лердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1.

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

43

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады