2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысы

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1) тармақшасы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 6) тармақшасына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 498 бұйрығының 8 тармағына сәйкес, Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті жұмыс жағдайлары бар жұмыстарды қоспағанда, тізімдік саны бар ұйымдарға квота белгіленсін:

      1) 50 (елу) адамнан 100 (жүз) адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының 2 (екі) пайызы мөлшерінде;

      2) 101 (жүз бір) адамнан 250 (екі жүз елу) адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының 3 (үш) пайызы мөлшерінде;

      3) 251 (екі жүз елу бірден астам) адамнан - жұмыскерлердің тізімдік санының 4 (төрт) пайызы мөлшерінде;

      2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 58 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142330 тіркелген, 2020 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқұқтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын және Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Сафималиев

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "14" қаңтардағы
қаулысына қосымша

Жәнібек ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын квоталау тізімі

№ р/с

Ұйым атауы

Ұйымның штат саны

Белгіленген квота

Мүгедектерге арналған жұмыс орындар саны (бірлік)

1

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің "М.Б.Ықсанов атындағы "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

1

1

2

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің "Ғ.Сарбаев атындағы "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

53

1

1

3

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің "Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

88

2

2

4

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің "№ 1 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

98

2

2

5

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

76

2

2

6

"Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жәнібек аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

200

3

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады