Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 20.09.2024 № 414 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің "Зеленов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы №210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5126 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы";
1–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Зеленов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген |
әдістеме атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі";
1-тармақта "Зеленов ауданы әкімінің аппараты" деген сөздер "Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын";
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және (немесе) мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
42-тармақ алынып тасталсын.
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
4–қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
5–қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Токжанов |