Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 594 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы (Б.Ахметжанов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Бисакаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі М.Токжанов

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2023жылғы 30 қарашадағы
№ 594 аулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

91

2

1

2

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданың білім беру бөлімі Кадыра Мырза Али атындағы жалпы білім беретін орта қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

110

3

3

3

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданың білім беру бөлімінің Зеленов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

77

2

1


Барлығы

278

-

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады