Зеленов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы №20-8 "Зеленов аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 17-25 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы мәслихатының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 15-29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы мәслихатының 07.06.2024 № 15-29 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Зеленов аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы №20-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 1 ақпанда № 16299 тіркелді) бұйрығына сәйкес, Бәйтерек ауданы мәслихат ШЕШТІ:";

      1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Зеленов аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Бәйтерек ауданы
мәслихатының 2018 жылғы
28 наурыздағы №20–8
шешімімен бекітілген";

      әдістеме атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі";

      1 - тармақта "Зеленов аудандық мәслихатының аппараты" деген сөздер "Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын";

      5 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және (немесе) мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алынып тасталсын;

      1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
1-қосымша";

      2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
2-қосымша";

      3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
3-қосымша";

      4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша";

      5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
5-қосымша".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Н.Хайруллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады