Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 17.10.2023 № 8-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Теректі аудандық мәслихатының "Теректі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5145 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің қосымшасында:
орыс тіліндегі мәтінінде 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді:
"1. Настоящая Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Теректинского районного маслихата" (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 16 января 2018 года №13 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 февраля 2018 года № 16299) и определяет порядок оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Теректинского районного маслихата" (далее – служащие корпуса "Б").";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) "Теректі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің лауазымдық нұсқаулығы бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін бас маман (бұдан әрі – бас маман) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
"Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.";
40 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"40. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, бас маманмен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
41-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Теректі аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (Б.Кенжегулов) жүктелсін.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі аудандық мәслихат хатшысы | А. Нургалиев |