Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шыңғырлау ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә.Мұханбетжанова |
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 201 қаулысына 1-қосымша |
Шыңғырлау ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық ауруханасы"шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 271 | 1 | 3 |
2 | Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 144 | 1 | 1 |
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 201 қаулысына 2-қосымша |
Шыңғырлау ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 144 | 1 | 1 |
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 201 қаулысына 3-қосымша |
Шыңғырлау ауданы бойынша 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 104 | 1 | 1 |