БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығының;
2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 265-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы "__" _________ № __ бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестер қызметі, қайырымдылық, медиация, қоғамдық сананы жаңғырту және ішкі саяси тұрақтылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің штат санының құрылымы мен лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитетің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Комитет:
1) Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы;
2) Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері басқармасы;
3) Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы;
4) Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы;
5) Қоғамдық - саяси жұмыс басқармасы;
6) Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасынан тұрады.
2-тарау. Комитеттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
14. Міндеттері:
1) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестердің қызметі, қайырымдылық, қоғамдық сананы жаңғырту, медиация аясында дамытуға жәрдемдесу және үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) Комитеттің құзыретіне жататын қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.
15. Комитеттің функциялары:
Фунциялар:
Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы:
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
өз құзыреті шегінде техникалық және ұлттық стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
іске асыру:
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге қатысу;
үкіметтік емес ұйымдардың қызметі саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру және жүргізуді жүзеге асыру;
Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру;
басқарманың құзыреті шегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарын имплементациялау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
халықаралық ынтымақтастығы саласында Комитеттің жұмысын үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
басқарманың мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалауға қатысу;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлейді және жасасады;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;
қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабарлау тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;
басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарма құзыретінің мәселелері бойынша оператордың мемлекеттік гранттарды іске асыру нәтижелері туралы есебін қарау;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға осындай ақпаратты ұсына отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;
коммерциялық емес ұйымдар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері басқармасы
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
іске асыру:
қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
қоғамдық кеңесті құру;
қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы өкілдіктің дербес құрамын айқындау;
қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту;
қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында өкілдік ету;
қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
қоғамдық кеңестердің қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді үйлестіру және жүзеге асыру;
басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Азаматтық форум өткізу;
басқарманың мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға,іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалауға қатысу;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылған қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасау;
республикалық және жергілікті деңгейлерде қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
жыл сайын Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы дайындау және кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асыру;
қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөнінде, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;
Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы:
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін қалыптастыру;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметі нәтижелері туралы есебінің нысанын әзірлеу;
мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын әзірлеу;
стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі, нәтижелер мен стандарттарды бағалау қағидаларын әзірлеу;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы беру қағидаларын әзірлеу;
іске асыру:
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыртетіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингі және бағалау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
орталық және жергілікті денгейлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингін және бағалауды жүзеге асыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;
жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ұсыну;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, оларға жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру саласында электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы операторға ведомстволардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік гранттар беру;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржландыру саласындағы оператор қызметінің нәтижелері туралы оның есебін қарау;
үкіметтік емес ұйымдарға сыйақылар беруді жүзеге асыру;
басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Комитеттің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру қызметін үйлестіру;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және іске асырылатын тақырыптарын және басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету
Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
жыл сайын 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін орталық атқарушы органдар ұсынатын ақпарат негізінде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы хабардар ету;
орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін Үйлестіру кеңесінің қарауына жіберу;
Үйлестіру кеңесінің мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша ұсынымдарын олардың құзыретіне сәйкес орталық мемлекеттік органдарға жіберу;
мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде қаржыландыру бағыттары мен көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестердің міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;
үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру;
басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
іске асыру:
Комитет реттейтін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындау;
ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеу;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту;
азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеу;
уәкілетті органның жанынан Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, оның ережесі мен құрамын бекіту;
уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
жарияланымдарды жасау және ресми сайтта, әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастыру, Комитеттің аккаунттарын жүргізу және пайдаланушылармен кері байланыс (түсіндірмелер, ескертулерге ден қою, пікірлермен жұмыс істеу), Комитеттің қызметі бойынша ақпарат жинау және жинақтау;
басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Комитеттің құзыретіне жататын стратегиялық және операциялық жоспарларды әзірлеуді және келісуді қамтамасыз ету;
Комитеттің сараптамалық талдау қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
Комитет құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және нәтижелерін бағалауға қатысу;
басқарманың құзыретіне жататын тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы аясындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Қоғамдық-саяси жұмыс басқармасы:
реттеуші
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын әзірлеу;
қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру;
өз құзыреті шегінде медиация мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жобалар мен жоспарларды әзірлеу;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу;
іске асыру:
Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты ішкі саяси тұрақтылық салаларында іске асыруды қамтамасыз ету;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы жобаларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасау;
қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және іске асыру;
"Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасын үйлестіру және іске асыру;
қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде іске асырылатын жобалар мен іс-шараларға қатысты ақпараттық кеңістіктің (электрондық және баспа БАҚ, интернет-басылымдар, әлеуметтік желілер және басқалар) мониторингін жүзеге асыру;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру;
қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған халықаралық, республикалық және басқа іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
қоғамдық сананы жаңғырту саласында қоғамдық коммуникацияларды дамытуға жәрдемдесу;
қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының бағыттары мен арнайы жобалары бойынша ақпараттық материалдарды таратуды және оларды түсіндіруді қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу және оның іске асырылу мониторингін қамтамасыз ету;
қоғамдық сананы жаңғырту саласында іске асырылатын жобаларды түзету мақсатында қоғамдық пікірге кешенді зерттеулер жүргізуді үйлестіру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды әзірлеу;
мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру барысына әсер ететін факторларды талдау, ұсынымдар әзірлеу;
басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және олардың нәтижелерін бағалауға қатысу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету;
медиаторлар ұйымдары, медиацияны қолданудың тетіктері, негіздері мен шарттары туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
медиаторлар ұйымдарының тізілімін жүргізу;
медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру;
медиатордың қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын отставкадағы судьялардың тізілімін жүргізу;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
медиация мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстар әзірлеу;
басқарманың құзыреті шегінде медиацияны дамытуға және үйлестіруге қолдау көрсету;
Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалауға қатысу;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасы:
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу;
волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;
волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру қағидаларын әзірлеу;
қайырымдылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидаларын әзірлеу;
іске асыру:
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
волонтерлік қызмет саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
волонтерлік қызметті дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін әдістемелік сүйемелдеуді үйлестіру және ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасында волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинауды және қорытындылауды жүзеге асыру;
волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға және волонтерлік акцияларды өткізуге қатысуға тарту тәртібі бойынша ұсынымдар әзірлеу;
волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
қайырымдылық саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
Үкімет жанынан қайырымдылық бойынша консультативтік-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру;
қайырымдылық және өзге де ұйымдармен қайырымдылық саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Комитеттің құзыреті шегінде қайырымдылықты дамытуға және үйлестіруге қолдау көрсету;
басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шегінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдер, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және келісу;
басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалауға қатысу;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы аясындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;
қайырымдылық саласындағы жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
волонтерлік қызметті ұйымдастыру бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
қайырымдылық саласында құрметті атақ беру;
волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу;
өзінің интернет-ресурсында волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін орналастыру;
жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;
басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және олардың нәтижелерін бағалауға қатысу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
4) Комитет жанында консультативтік-кеңесші органдарды құру;
5) Комитеттің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
6) азаматтық қоғамды дамытуға еңбегін сіңірген тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсынуға ұсыныс енгізу;
7) Мемлекеттік органдармен ұйымдар, соның ішінде халықаралық және лауазымды тұлғалармен қарым-қатынасты орнату;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру
17. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндерттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.
18. Төрағаны Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің аппарат басшысы министрдің келісімі бойынша лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.
20. Комитет төрағасы:
1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
3) Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, Комитет және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметтеріне жетекшілік етеді, Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комитеттің мүддесін білдіреді;
8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
9) азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқан адамдарды алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен көтермелеу жөніндегі мәселелерді шешеді;
10) өз құзыреті шеңберінде басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
21. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Комитет төрағасының орынбасарлары:
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
2) Комитет төрағасы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Комитеттің консультациялық - кеңесші органы болып табылатын алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және жеке құрамын Комитеттің төрағасы бекітеді.
24. Комитет қызметін ұйымдастыру бойынша –өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, Министрліктің және Комитеттің бұйрықтарымен реттеледі.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
25. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.