"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 265-НҚ бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 383-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 № 383-НҚ бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестер қызметі, қайырымдылық, медиация, қоғамдық сананы жаңғырту және ішкі саяси тұрақтылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комитетің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.";

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері басқармасы;";

      13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы;";

      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестердің қызметі, қайырымдылық, қоғамдық сананы жаңғырту, медиация аясында дамытуға жәрдемдесу және үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";

      15-тармақта:

      "Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы" деген бөлімде:

      "іске асыру" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабарлау тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;

      басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарма құзыретінің мәселелері бойынша оператордың мемлекеттік гранттарды іске асыру нәтижелері туралы есебін қарау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға осындай ақпаратты ұсына отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;

      коммерциялық емес ұйымдар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;";

      "Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы" деген бөлімде:

      "Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері басқармасы";

      "іске асыру" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:

      "қоғамдық кеңесті құру;

      қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы өкілдіктің дербес құрамын айқындау;

      қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту;

      қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында өкілдік ету;

      қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      қоғамдық кеңестердің қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді үйлестіру және жүзеге асыру;

      басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;";

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық форум өткізу;";

      жетінші абзац алып тасталсын;

      он бесінші және он алтыншы абзацтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;";

      "Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы" деген бөлімде:

      "реттеуші" деген кіші бөлімде:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін қалыптастыру;";

      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын әзірлеу;

      стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;";

      "іске асыру" деген кіші бөлімде:

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ұсыну;";

      мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы және қырық бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметіне стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      жыл сайын 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін орталық атқарушы органдар ұсынатын ақпарат негізінде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы хабардар ету;

      орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін Үйлестіру кеңесінің қарауына жіберу;

      Үйлестіру кеңесінің мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша ұсынымдарын олардың құзыретіне сәйкес орталық мемлекеттік органдарға жіберу;

      мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

      үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде қаржыландыру бағыттары мен көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;

      стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;

      жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестердің міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру;

      басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;";

      "Талдау және жоспарлау басқармасы" деген бөлімде:

      "Талдау және жоспарлау басқармасы" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы";

      "іске асыру" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Комитет реттейтін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындау;

      ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту;

      азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      уәкілетті органның жанынан Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, оның ережесі мен құрамын бекіту;

      уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру;

      жарияланымдарды жасау және ресми сайтта, әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастыру, Комитеттің аккаунттарын жүргізу және пайдаланушылармен кері байланыс (түсіндірмелер, ескертулерге ден қою, пікірлермен жұмыс істеу), Комитеттің қызметі бойынша ақпарат жинау және жинақтау;

      басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;";

      "Қоғамдық-саяси жұмыс басқармасы" деген бөлімде:

      "реттеуші" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын әзірлеу;

      қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      өз құзыреті шегінде медиация мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жобалар мен жоспарларды әзірлеу;";

      "іске асыру" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші және отыз екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы жобаларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасау;

      қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

      қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және іске асыру;

      "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасын үйлестіру және іске асыру;

      қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде іске асырылатын жобалар мен іс-шараларға қатысты ақпараттық кеңістіктің (электрондық және баспа БАҚ, интернет-басылымдар, әлеуметтік желілер және басқалар) мониторингін жүзеге асыру;

      қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

      қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру;

      қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған халықаралық, республикалық және басқа іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;

      жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      қоғамдық сананы жаңғырту саласында қоғамдық коммуникацияларды дамытуға жәрдемдесу;

      қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының бағыттары мен арнайы жобалары бойынша ақпараттық материалдарды таратуды және оларды түсіндіруді қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу және оның іске асырылу мониторингін қамтамасыз ету;

      қоғамдық сананы жаңғырту саласында іске асырылатын жобаларды түзету мақсатында қоғамдық пікірге кешенді зерттеулер жүргізуді үйлестіру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды әзірлеу;

      мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру барысына әсер ететін факторларды талдау, ұсынымдар әзірлеу;

      басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және олардың нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету;

      медиаторлар ұйымдары, медиацияны қолданудың тетіктері, негіздері мен шарттары туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;

      медиаторлар ұйымдарының тізілімін жүргізу;

      медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      медиатордың қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын отставкадағы судьялардың тізілімін жүргізу;";

      "Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасы" деген бөлімде:

      "реттеуші" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "қайырымдылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидаларын әзірлеу;";

      "іске асыру" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші және отыз тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "қайырымдылық саласындағы жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      волонтерлік қызметті ұйымдастыру бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      қайырымдылық саласында құрметті атақ беру;

      волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу;

      өзінің интернет-ресурсында волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін орналастыру;

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      басым бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және олардың нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені туралы тіркеуші органға хабарлауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
Д. Қыдырәлі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады