БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 733 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13436 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ережеде:
2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аумақ алаңын, тұрғындарсанын және жұмылдыру ресурсының ауқымын негізге алып, "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер тізбесіне сәйкес бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктердің қорғаныс істері жөніндегі біріктірілгенбасқармалары, бөлімдері құрылады.".
10-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетеді;".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішіндеосы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылыков |