"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 1009 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 322 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидалары бекiтілсiн.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының гауптвахтасындағы (бұдан әрі – гауптвахталар) iшкi тәртiптемені және онда күдіктілер мен айыпталушыларды (бұдан әрі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер) ұстауды айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді қабылдауды тәулік бойы гауптвахта бастығы немесе гауптвахтаның кезекші ауысым бастығы (бұдан әрі – қабылдаушы адам) жүргізеді, ол:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген гауптвахтаға жеткізілген адамды қабылдау үшін негіз болатын құжаттардың бар болуын және олардың дұрыс ресімделуін тексереді;

      2) гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерге сауалнама жүргізеді және жауабын оның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен салыстырады;

      3) әскери полиция органы медицина қызметкерінің (фельдшердің) қатысуымен медициналық қарап-тексеруді (онымен жынысы бір адам) жүргізеді.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші туралы, сондай-ақ алынған және сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, құндылық пен ақша сомасы туралы мәліметтерді қабылдаушы адам гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшінің қатысуымен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу журналына (бұдан әрі – Есепке алу журналы) енгізеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге құқықтары мен мiндеттерi, ұстау режимi, тәртiптiк талаптар, өтiнiштер мен шағымдарды беру тәртiбi туралы ақпаратты (жазбаша және ауызша түрде) гауптвахта әскери қызметшілері ұсынады.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мынадай талаптарды сақтап, камера бойынша бөлек және басқа гауптвахтада ұсталатындардан жеке орналастырылады:

      1) офицерлер – сержант пен қатардағы жауынгер құрамы лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіден бөлек;

      2) мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері – Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек;

      3) әскери қызметші әйелдер – ер адамдардан бөлек;

      4) бір қылмыстық іс бойынша немесе өзара байланысты бірнеше іс бойынша күдікті немесе айыпталушы әскери қызметшілер;

      5) гауптвахта бастығының шешімі бойынша не іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның жазбаша шешімі бойынша басқа күдіктілер мен айыпталушылар тарапынан өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін күдіктілер мен айыпталушылар;

      6) инфекциялық аурулармен ауырған немесе ерекше медициналық күтімге және қадағалауға мұқтаж әскери қызметшілер.

      Камера бойынша орналастыруды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция органының бастығы бекіткен Камера бойынша орналастыру жоспарына сәйкес гауптвахта бастығы немесе кезекші ауысым бастығы жүргізеді.

      16. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер құлыпқа жабылатын ортақ камерада ұсталады, ортақ камералардың сипаттамасы осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахта бастығының дәлелді шешімі бойынша мынадай жағдайда:

      1) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудiң өзге де мүмкiндiгi болмаған кезде;

      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің өмiрі мен денсаулығы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде;

      3) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiші болған кезде;

      4) басқа айыпталушылар мен күдіктілерді, гауптвахта кезекші ауысымының жеке құрамын қорлаған;

      5) гауптвахта кезекші ауысымының немесе әскери полиция органының басқа да лауазымды адамдарының талаптарын орындамаған;

      6) гауптвахтаға қамауға алынған күдіктілер мен айыпталушылардың өзін-өзі ұстауына қойылатын талаптар бұзылған;

      7) осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген Тыйым салынған заттар мен құралдар тізбесі (бұдан әрі – тыйым салынған заттар) бойынша заттар, құралдар сақталған, жасалған және пайдаланылған кезде;

      8) құмар ойындарына қатысқан жағдайда жеке камераға орналастыруға жол беріледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден заттар мен азық-түлiк өнімін сақтауға қабылдауды әскери полиция органы медицина қызметкерінің қатысуымен кезекші ауысым бастығы жүргізеді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Сәлемдеме мен жөнелтілімді қабылдай отырып, гауптвахта әскери қызметшісі жөнелтілімді жеткізген адамға жеке құжаттарын және қабылдағаны туралы қолы қойылған өтініштің бірінші данасын қайтарып береді, ал өтініштің екінші данасын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші жөнелтілімді алғаны туралы қолтаңбасын қойғаннан кейін оның жеке ісіне тіркейді. Жеке істе жөнелтілімді алғаны туралы белгі жасалады. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші өтінішке қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда ол туралы тиісті белгі жасалады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден хаттар мен жеделхаттың толтырылған бланкілерін гауптвахта әскери қызметшісі күн сайын қабылдайды. Хаттар оларда жөнелтушінің тегі, инициалдары және гауптвахтаның пошталық мекенжайы көрсетіліп қабылданады. Жеделхаттың толтырылған бланкісіне жеделхатқа ақы төлеу үшін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің дербес шотынан ақша алу өтінішімен гауптвахта бастығының атына жазылған қамауға алынғанның өтініші (еркін нысанда) қоса беріледі.";

      51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Түсетін хаттарды кезекші ауысым бастығы береді.

      52. Гауптвахта әскери қызметшілері күн сайын камераларды аралайды және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден өтініштер мен шағымдарды жазбаша және ауызша түрде қабылдайды.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің тамақтанудан бас тарту фактiсi анықталған кезде кезекшi ауысым бастығы гауптвахта бастығына баяндайды. Гауптвахта бастығы оның себебін анықтайды және әскери полиция органының бастығына баяндайды.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Сейілдеу камера бойынша күндізгі уақытта гауптвахтаның арнайы жабдықталған аумағында жүргізіледі. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзған жағдайда гауптвахта бастығының (кезекші ауысым бастығының) шешімі бойынша оның сейілдеуі мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      Гауптвахтаға қамауға алынған офицерлер мен әскери қызметші әйелдер сейілдеуге қалған әскери қызметшіден бөлек шығарылады.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің қорғаушымен, жақын туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуі гауптвахта әскери қызметшілерінің бақылауымен қандай да бiр заттарды беруді болдырмайтын, бірақ сөйлесуге және көзбе-көз кездесуге кедергі келтірмейтін бөлетін қабырға арқылы кездесу өткізуге арналған арнайы жабдықталған орында жүргiзiледi.

      Әрбір гауптвахтада кабиналардан тұратын кездесу өткізуге арналған орын жабдықталады. Кабиналар ілмексіз жеңіл есіктермен жабдықталады.

      Кабиналар арасын бөлетін қабырға сөйлесуге арналған саңылауы бар органикалық әйнектен жасалады.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оны өткiзуге жауапты гауптвахта әскери қызметшісі кездесудi тоқтату себебiн көрсетіп, ол туралы гауптвахта бастығына жазбаша баяндайды.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. ҚР ҚПК-да көзделген жағдайды қоспағанда, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді камерадан кездесуге, сондай-ақ кезекші ауысым кезекшілікті тапсырған-қабылдаған кезеңде, күн тәртібіне сәйкес тамақтану (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) уақытында, сондай-ақ түнгі уақытта (кешкі сағат 22.00-ден бастап келесі күнгі таңғы сағат 6.00-ге дейін) шақырту бойынша шығаруға жол берілмейді.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Жеке камераға қамауға алу туралы кезекші ауысым бастығы баянатпен гауптвахта бастығына баяндайды, ол бұл туралы жоғары бастыққа баяндайды.";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдауға жазу гауптвахта әскери қызметшілері камераларды аралаған уақытта күн сайын жүзеге асырылады.

      Гауптвахта бастығының атына қабылдау туралы өтініштер (еркін нысанда толтырылады) жазбаша беріледі немесе ауызша жасалады және әскери қызметші қабылдауына баруды жоспарлаған лауазымды адамды көрсетіп, осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды беру кезектілігі тәртібінде әскери полиция органы бастығының жеке қабылдау журналында (бұдан әрі – жеке қабылдау журналы) тіркеледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларына 1, 2, 5, 9, 11, 14, 16 және 17-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шілдеде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы "9" қазандағы
№ 1009 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
"Бекiтемiн"
_______________________
әскери полиция органының
бастығы
___________________________
(әскери атағы, қолы, тегi, аты
және әкесінің аты (болған кезде)
20 ___ жылғы "___"_________

IШКI ТӘРТIПТЕМЕ (үлгiлiк)

      1. Күдіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының гауптвахтасына қамауға алынған әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртіптемесі қағидаларының талаптарын сақтайды.

      2. Гауптвахтада ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар үшін мынадай күн тәртіптемесі белгіленеді:

Р/с №

Жүргізілетін іс-шаралардың атауы

Ұзақтығы

Өткізу уақыты

басталуы

аяқталуы

1.

Ұйқыдан тұру

10 минут

6.00

6.10

2.

Айыпталушылар мен күдіктілерді тексеру, төсек жабдығын тапсыру, сәкілерді көтеру

20 минут

6.10

6.30

3.

Таңертеңгi жуыну

40 минут

6.30

7.10

4.

Гауптвахта камералары мен үй-жайын жинау

40 минут

7.10

7.50

5.

Таңғы қарап-тексеру

30 минут

7.50

8.20

6.

Таңғы ас

20 минут

8.20

8.40

7.

Гауптвахта әскери қызметшілерінің камераларды аралап шығуы

20 минут

8.40

9.00

8.

Жарғыларды зерделеу бойынша сабақ

2 сағат

9.00

11.00

9.

Саптық даярлық сабағы

2 сағат

11.00

13.00

10.

Жуыну, қол жуу

20 минут

13.20

13.40

11.

Түскi ас

40 минут

13.40

14.20

12.

Жеке уақыт

30 минут

14.20

14.50

13. 14.

Сейілдеу

60 минут

14.50

15.50

Жүкті әйелдердің сейілдеуі

180 минут

14.50

17.50

15.

Шаруашылық жұмысын жүргізу

40 минут

17.50

18.30

16.

Жеке уақыт

30 минут

18.30

19.00

17.

Кешкі ас

30 минут

19.00

19.30

18.

Газеттер мен журналдарды қарау

50 минут

19.30

20.20

19.

Гауптвахта камералары мен үй-жайын жинау

40 минут

20.20

21.00

20.

Кешкi жуыну

30 минут

21.00

21.30

21.

Кешкі тексеру

20 минут

21.30

21.50

22.

Төсек жабдығын беру, сәкілерді түсіру

10 минут

21.50

22.00

23.

Ұйықтау

22.00

      Әскери полиция органының гауптвахта бастығы________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегi, аты және әкесінің аты (болған кезде)

      20 ___ жылғы "___"_________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы "9" қазандағы
№ 1009 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу ЖУРНАЛЫ

      20__жылғы "___"______ басталды

      20__жылғы "___"______ аяқталды

Р/с №

Гауптвахтаға қамауға алынған күнi мен уақыты

Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты

Әскери бөлім нөмірі

Кiм ұстады (қамаққа алды, соттады)

Ұстау себебi (қамаққа алу, не үшiн сотталды, қандай бап бойынша

Қай мерзiмге және қандай камерада ұсталады

Қабылданған киім, құжаттар мен ақша

Ұстау (қамаққа алу, соттау) мерзiмi қашан аяқталады

Қамаққа алынғанды қабылдау кезiнде медициналық қарап-тексеру уақыты, моншада жуыну және денесiн қарап-тексеру туралы жазба (медицина қызметкерiнiң қолтаңбасы)

Гауптвахтадан босатылған күнi мен уақыты

Гауптвахтаға қабылдау кезiнде заттарды, құжаттар мен ақшаны тапсырғаны туралы қолтаңба

Гауптвахтадан босатылған кезде заттарды, құжаттар мен ақшаны алғаны туралы қолтаңба

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы "9" қазандағы
№ 1009 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
5-қосымша

Ортақ камералардың сипаттамасы

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер ұсталатын камералардың құрылымы сыртқы қоршаған ортадан және іргелес үй-жайлардан сенiмдi оқшаулауды қамтамасыз етеді. Камералардың жоспарланған нысаны есiк негізінің "көзшесі" арқылы оларды анағұрлым жақсы шолып көруді қамтамасыз етеді.

      Камераның есiгi металдан жасалған. Еден деңгейiнен биiктiгі 95 см төмен емес тамақ үлестіруге арналған форточка орнатылады. Камерадағы әскери қызметшілердің өзін-өзі ұстауын қадағалау үшін кіретін есікке "көзше" жабдықталады.

      Камералардағы және ортақ пайдаланылатын орындардағы (жуынуға арналған бөлмедегі, дәретханадағы) есік пен терезе техникалық күзет құралдарымен жабдықталады. Үй-жай терезесінің қажет болған кезде ішкі жағынан металл тормен қапталған металл торы болады.

      Ортақ камера бiр адамға 0,4 метр есебінен қайырылып жиналатын сәкімен, үстелмен, ағаш орындықпен, түкіргішпен, ауызсуға арналған ыдыспен және кружкамен жабдықталады.

      Офицерлерді және әскери қызметші әйелдерді ұстауға арналған камералар ағаш кереуетпен, үстелмен, орындықтармен, жеке заттары мен жуыну керек-жарағына арналған тумбочкамен, ауызсуға арналған ыдыспен және кружкамен, ілгішпен және түкіргішпен жабдықталады.

      Камераның барлық жабдығы еденге бекітіледі.

      Барлық камераға арналған құлып бірдей болады және біркелкі кілтпен бекітіледі. Бір кілт кезекші ауысым бастығында, екіншісі – гауптвахта бастығында және үшіншісі – әскери полиция органы бойынша кезекшіде сақталады.

      Камераларда терезенің ішкі жағынан терезе саңылауына қолжетімділікті шектейтін металл тор орнатылады.

      Гауптвахта дәлізінде жуыну керек-жарағы мен аяқ киім тазалауға арналған құралдарға арналған құлыпқа жабылатын шкафтар болады. Шкафтардың кілті кезекші ауысым бастығында сақталады.

      Астары жылы күртеше мен бас киім гауптвахтаға қамаққа алынған адамдардың заттарын сақтауға арналған бөлмеде сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы "9" қазандағы
№ 1009 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
9-қосымша
Нысан

Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу ЖУРНАЛЫ

      20__жылғы "___"______басталды

      20__жылғы "___"______аяқталды

Р/с №

Гауптвахтаға қамауға алу күні мен уақыты

Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты

Әскери бөлім нөмірі

Кім ұстады (қамаққа алды)

Ұстау себебі (қамаққа не үшін алынды және
ҚР ҚК-ның қандай бабы бойынша)

Қандай мерзімге және қай камерада ұсталады

Қабылданған заттар, құжаттар мен ақша

Ұстау (қамаққа алу) мерзімі қашан аяқталады

Қамаққа алынғанды қабылдау кезінде медициналық қарап-тексеру, моншада жуыну және денесін қарап-тексеру уақыты туралы жазба (медицина қызметкерінің қолтаңбасы)

Гауптвахтадан босатылған күні мен уақыты

Гауптвахтаға қабылдау кезінде заттарды, құжаттар мен ақшаны тапсырғаны туралы қолтаңба

Гауптвахтадан босатылған кезде заттарды, құжаттар мен ақшаны алғаны туралы қолтаңба

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы "9" қазандағы
№ 1009 бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
11-қосымша

Өтініш

      __________________________________________________________________________

      (тегi, аты және әкесiнiң аты (болған кезде)

      ___________________________________________________________________тұратын

      (тұрғылықты мекенжайы, жұмыс (қызмет) орны)

      __________________________________________________________________________

      күдікті, айыпталушы ___________________________________________________ үшiн

      (әскери атағы, тегi, аты және әкесінің аты (болған кезде), туған жылы) жөнелтiлiмдi

      қабылдауыңызды сұраймын.

Жөнелтілімдегі азық-түліктің (заттардың) тізімдемесі:

Р/с №

Азық-түлiк немесе заттар атауы

Салмағы

Саны

Ескертпе

(кг, грамм)

1





2





      Өтiнiш иесiнiң қолы және тегі

      ______________________________________________________________________

      ___ жылғы "__"____________

      Жөнелтілімді қабылдадым ______________________________________________

      (жөнелтілімді қабылдаған әскери қызметшінің әскери атағы, қолы, тегі, аты және

      әкесінің аты (болған кезде)

      Жөнелтілімді алдым

      _______________________________________________________________________

      (жөнелтілімді алған күдіктінің, айыпталушының қолы, тегі, аты және әкесінің аты

      (болған кезде) ___ жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы "9" қазандағы
№ 1009 бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
14-қосымша
Нысан

Жолданымды, өтінішті қабылдау туралы талон

ТАЛОН
(түбіртек)
ТАЛОН
(корешок)


(талонның нөмірі/номер талона) Өтініш/обращение _________________________________ _________________________________ (өтініш берушінің тегі, инициалдары не атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя) _________________________________ _________________________________ 20__ж./г.__ "__" ________________________ ______________________________ Өтінішті қабылдаған әскери қызметшінің лауазымы, ТАӘ, қолы/ должность, Ф.И.О., подпись военнослужащего, принявшего обращение _________________________________ _________________________________ (қолы/подпись) Талонды алған адамның қолы/ подпись получившего талон _________ "__" сағ/час "___" мин. 20__ ж./г. "___"_________________

ТАЛОН
(жыртылатын талон)
ТАЛОН
(отрывной талон)


(талонның нөмірі/номер талона) Өтініш/обращение _________________________________ _________________________________ (өтініш берушінің тегі, инициалдары не атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя) _________________________________ _________________________________ (қабылданды/принято. Қабылдаған/принял (лауазымы, тегі және инициалдары/ должность, фамилия и инициалы) _________________________________ _________________________________ _________________________________ 20__ ж./г. "___" ________________ _________________ (колы / подпись)

      Ескертпе:

      1. Талондар нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Талондар гауптвахтаның кезекшi ауысым бастығында сақталады.

      2. Талонның бірегей нөмірінде бірінші жұп болып жолданым тіркелген жылы, екінші жұп болып – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коды, үшінші жұп болып – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың) коды, төртінші жұп болып – ауылдық округтің коды белгіленеді. Субъектінің коды және талонның реттік нөмірі бес цифрдан тұрады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы "9" қазандағы
№ 1009 бұйрығына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
16-қосымша

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жазалауды және көтермелеуді есепке алу кітабы

      I бөлік Жазалауға тартылған адамдарды есепке алу

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Жазалау не үшін қолданылды

Жазалау түрі

Кім және қашан жазалауды қолданды

Ескертпе

      II бөлік Гауптвахта әкімшілігі көтермелеген адамдарды есепке алу

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Көтермелеу не үшін қолданылды

Көтермелеу түрі

Кім және қашан көтермеледі

Ескертпе

      Ескертпе: Кітап нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Кітап гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы "9" қазандағы
№ 1009 бұйрығына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
17-қосымша
  Нысан

Әскери полиция органы бастығының жеке қабылдау журналы

Р/с №

Күні (жылы, айы, күні)

Қабылдауға келген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Жолданымның қысқаша мазмұны

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады