Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 сәуірде № 32297 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидалары бекiтілсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гаупвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 366 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15526 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 322 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының гауптвахтасындағы (бұдан әрі – гауптвахталар) iшкi тәртiптемені және онда күдіктілер мен айыпталушыларды (бұдан әрі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер) ұстауды айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Гауптвахтадағы ішкі тәртіптемені осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция органының бастығы бекітеді.

      3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен бекітілген Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) сәйкес тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Оларды тамақтануға қабылдау азық-түлік аттестаттары бойынша жүргізіледі.

      Азық-түлік аттестаттары жоқ гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер әскери полиция органы бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығынан үзінді негізінде жабдықталымға қабылданады.

      Егер гауптвахта жанынан тағам дайындалмаса, онда оны гауптвахтаға жеткізу тәртібін әскери полиция органының бастығы белгілейді.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер камераларда тамақтанады.

      4. Өзге негіздер бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мен әскери полиция органдарының әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларында (бұдан әрі – Жалпыәскери жарғылар) айқындалады.

      5. Әскери полиция органдарының әскери қызметшілері Жалпыәскери жарғыларға және "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1012-баптарына сәйкес күшті, арнайы құралдарды, оның ішінде қызметтік иттерді және қаруды қолданады.

2-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді қабылдау және камералар бойынша орналастыру

      6. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді қабылдауды тәулік бойы гауптвахта бастығы немесе гауптвахтаның кезекші ауысым бастығы (бұдан әрі – қабылдаушы адам) жүргізеді, ол:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген гауптвахтаға жеткізілген адамды қабылдау үшін негіз болатын құжаттардың бар болуын және олардың дұрыс ресімделуін тексереді;

      2) гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерге сауалнама жүргізеді және жауабын оның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен салыстырады;

      3) әскери полиция органы медицина қызметкерінің (фельдшердің) қатысуымен медициналық қарап-тексеруді (онымен жынысы бір адам) жүргізеді.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші туралы, сондай-ақ алынған және сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, құндылық пен ақша сомасы туралы мәліметтерді қабылдаушы адам гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшінің қатысуымен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу журналына (бұдан әрі – Есепке алу журналы) енгізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ілеспе құжаттары:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) ұстау хаттамасы;

      3) судьяның күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысы;

      4) сот талқылау барысында шығарылған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы сот қаулысы;

      5) үкімнің көшірмесі;

      6) оны орындау туралы өкім болып табылады.

      8. Гауптвахтаға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы судьяның не соттың қаулысынан үзінді ұсынылған жағдайда онда оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылған адамның толық сауалнамалық деректері көрсетіледі. Үзінді лауазымды адамның қолтаңбасымен расталады, елтаңбалы мөрмен бекітіледі және күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей қаулының көшірмесімен ауыстырылуға тиіс.

      9. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жеке басын куәландыратын құжаттар жеке істе сақталады, сұрау салу бойынша кейіннен қайтарумен қылмыстық процесті жүргізетін органның өкіліне қолын қойғызып беріледі.

      10. Медицина қызметкерінің (фельдшердің) қорытындысы бойынша шұғыл стационарлық емделуге мұқтаж гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілер гауптвахтаға қабылданбайды және дереу медициналық мекемеге емделуге жіберіледі.

      11. Медициналық қарап-тексеруден өткеннен және оның нәтижесін алғаннан кейiн гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер төсек жабдығын алады.

      12. "Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге құқықтары мен мiндеттерi, ұстау режимi, тәртiптiк талаптар, өтiнiштер мен шағымдарды беру тәртiбi туралы ақпаратты (жазбаша және ауызша түрде) гауптвахта әскери қызметшілері ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған күдіктілер мен айыпталушылардың өзін-өзі ұстау талаптарын сақтайды.

      14. Әрбiр гауптвахта стендісінде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің негiзгi құқықтары мен мiндеттерi, өзін-өзі ұстау қағидалары туралы ақпарат орналастырылады.

      15. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мынадай талаптарды сақтап, камера бойынша бөлек және басқа гауптвахтада ұсталатындардан жеке орналастырылады:

      1) офицерлер – сержант пен қатардағы жауынгер құрамы лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіден бөлек;

      2) мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері – Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек;

      3) әскери қызметші әйелдер – ер адамдардан бөлек;

      4) бір қылмыстық іс бойынша немесе өзара байланысты бірнеше іс бойынша күдікті немесе айыпталушы әскери қызметшілер;

      5) гауптвахта бастығының шешімі бойынша не іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның жазбаша шешімі бойынша басқа күдіктілер мен айыпталушылар тарапынан өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін күдіктілер мен айыпталушылар;

      6) инфекциялық аурулармен ауырған немесе ерекше медициналық күтімге және қадағалауға мұқтаж әскери қызметшілер.

      Камера бойынша орналастыруды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция органының бастығы бекіткен Камера бойынша орналастыру жоспарына сәйкес гауптвахта бастығы немесе кезекші ауысым бастығы жүргізеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер құлыпқа жабылатын ортақ камерада ұсталады, ортақ камералардың сипаттамасы осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахта бастығының дәлелді шешімі бойынша мынадай жағдайда:

      1) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудiң өзге де мүмкiндiгi болмаған кезде;

      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің өмiрі мен денсаулығы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде;

      3) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiші болған кезде;

      4) басқа айыпталушылар мен күдіктілерді, гауптвахта кезекші ауысымының жеке құрамын қорлаған;

      5) гауптвахта кезекші ауысымының немесе әскери полиция органының басқа да лауазымды адамдарының талаптарын орындамаған;

      6) гауптвахтаға қамауға алынған күдіктілер мен айыпталушылардың өзін-өзі ұстауына қойылатын талаптар бұзылған;

      7) осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген Тыйым салынған заттар мен құралдар тізбесі (бұдан әрі – тыйым салынған заттар) бойынша заттар, құралдар сақталған, жасалған және пайдаланылған кезде;

      8) құмар ойындарына қатысқан жағдайда жеке камераға орналастыруға жол беріледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді прокурор санкция берген әскери полиция органының дәлелді қаулысы бойынша бір тәуліктен астам мерзімге жеке камераларға орналастыруға жол беріледі.

      18. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер барлық жерде жүріп-тұрған (гауптвахта дәліздері мен аумағында жүріп-тұру, серуендеу, санитариялық өңдеу кезінде, жұмыс объектілерінде және басқа) кезде оларды оқшаулау қамтамасыз етіледі.

      19. Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін камералардың терезелері камераға табиғи жарық түсуіне кедергі келтірмейтін тормен жабдықталады. Камералардың терезелері күндізгі уақытта қамераға табиғи жарықтың түсуіне және таза ауаның кіруіне кедергі келтірмейтін жеткілікті көлемде болады.

3-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жеке тiнту жүргізу, заттарын толық тексеру

      20. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жеке тiнтуге, ал олардың жеке заттары толық тексеруге жатады.

      21. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнту және олардың заттарын толық тексеру оларда тыйым салынған заттарды анықтау және алу мақсатында жүргiзiледi.

      22. Жеке тінту толық және толық емес болып бөлінеді.

      23. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер қабылдау және одан тыс жерге жіберу алдында жеке камераға қамауға алу кезінде толық тінтуге жатады.

      Толық тiнту әскери қызметшіні, оның киiмi мен аяқ киiмiн мұқият қарап-тексерумен сүйемелденеді, оларға толық шешіну, денесінің тиісті жерлерін ашып көрсету ұсынылады. Егер пластырь жапсырмалары, гипс және басқа да таңу бар болса, олар медицина қызметкерінің (фельдшердің) рұқсатымен тексерiледi.

      Одан кейін денесін қарап-тексеру жүргізіледі, ол кезінде қолдары мен аяқтары саусақтарының арасы, табанының өкшелері, екі жағынан қолдарының білектері, тері қабаты, құлақтары, ауыз және мұрын қуыстары, қолтықтарының асты, аяқтарының ортасы, сондай-ақ бар хирургиялық тыртықтары тексеріледі, шаштары тарақпен таралады.

      Денесін қарап-тексергеннен кейін киімі, аяқ киімі мен іш киімі толық тексеріледі. Киімі, тігістері, қыртыстары, маталардың қос қабаттары мен астарлары қарап-тексеріледі және тінтіледі. Күдікті жерлері бізбен тесіледі және тігістері бойынша сөгіледі. Киімнің қалталары, жеңдері, шалбар, іш киім, ұйықтар, шұлықтар ішіне қайырылады. Металл түймелер, ілмектер мен тоғалар қиылады және металл еместермен ауыстырылады. Аяқ киім ішкі және сыртқы жағынан тексеріледі, бұл ретте алынуы және қиылуы мүмкін астарына, жапсырмаларына, ұлтарағына және өкшелеріне ерекше назар аударылады. Аяқ киімнен металл жақтаулары мен тағалары алып тасталады, баулары алынады.

      24. Толық емес тінту гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтада шегінде камерадан шығарған кезде (медицина қызметкеріне, тергеушіге, жақын туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуге дейін және одан кейін, басқа камераға ауыстырған кезде) жүргізіледі.

      Толық емес тінту кезінде тінтілетінді шешіндірмей, оның киімі мен аяқ киімі қарап-тексеріледі және тінтіледі.

      25. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнтуді гауптвахтаның әскери қызметшілері жүргiзедi. Жеке толық тексеруді сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен толық тексерілетінмен бір жынысты адам жүргізеді.

      26. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді, олардың жеке iсiнде тану фотосуреттері болмаған кезде гауптвахта әкімшілігі суретке түсіредi. Олардың әрқайсысына көлемi 4,5х6, 6х9 сантиметр алты фотосурет (үшеуi алдынан және үшеуi қырынан) жасалады.

      27. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің заттарын толық тексеру гауптвахтаға келіп түскен кезде, одан тыс жерге жөнелту алдында, басқа камераға, әскери-медициналық мекемеге ауыстырған кезде олардың қатысуымен жүргiзiледi.

      Заттарды толық тексеру екі куәгердің қатысуымен меншігінде бұл заттар бар адамның қатысуымен жүргізіледі.

      28. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнту немесе олардың заттарын толық тексеру осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күдікті мен айыпталушыны жеке тінту және оның заттарын толық тексеру хаттамасымен ресiмделеді. Жеке тiнту мен заттарды толық тексеру бір уақытта жүргiзiлген кезде бiр хаттама жасалады.

      29. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшінің тiнту немесе заттарын толық тексеру хаттамасына қол қоюдан бас тартуы хаттаманың өзінде жазылады.

4-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден тыйым салынған заттарды алу

      30. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден сақтауға қабылданған немесе алынған оған тиесілі ақша, құндылықтар мен бағалы заттар гауптвахта бастығына сақтауға тапсырылады. Жеке құжаттар гауптвахта бастығында сақталады.

      Тыйым салынған заттар қамауға алынғандардың заттарын сақтайтын бөлмеге сақтауға тапсырылады.

      31. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден заттарды, киім мен азық-түлік өнімін алу не сақтауға қабылдау нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада алу актісі жасалады. Бiрiншi данасы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге берiледi, екiншi данасы бөлiмнің уәкілетті өкіліне беріледі, үшiншi данасы жеке iсте сақталады.

      Қамауға алынғанның қатысуымен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу журналында алынған және сақтауға қабылданған заттар мен мүлік туралы жазба жасалады және оған үш данада жасалатын қабылдағаны туралы қолхат беріледі (еркін нысанда), одан кейін қамауға алынған камераға орналастыру үшін гауптвахта (кезекші ауысым) бастығына жіберіледі.

      32. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден заттар мен азық-түлiк өнімін сақтауға қабылдауды әскери полиция органы медицина қызметкерінің қатысуымен кезекші ауысым бастығы жүргізеді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Қамауда ұстау кезеңiнде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден тыйым салынған заттарды алудың немесе табудың әрбiр фактiсі бойынша олардың келіп түсу көзін және нақты иесiн анықтау мәніне қызметтік тексеру жүргiзiледi.

      34. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өтiнiшi бойынша (еркін нысанда) және адамның не iс жүргізуінде қылмыстық іс бар органның келiсiмiмен гауптвахтада сақтауда тұрған тыйым салынған заттар гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жақын туыстарына берiледі.

      35. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда сақтауда тұрған оған тиесілі ақша, құндылық, басқа да нәрселер, заттар және азық-түлiк өнімі оның жақын туыстарына беріледі.

5-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      36. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:

      1) ұйықтайтын орынмен;

      2) ұйықтаған уақытта төсек жабдығымен, оның ішінде матрацпен, жастықпен, көрпемен, екi жаймамен, жастық тысымен, сүлгімен (әскери қызметші әйелдер – қосымша сүлгімен);

      3) тамақтану уақытында асханалық ыдыспен және аспаппен;

      4) жалпыәскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді басылыммен қамтамасыз етіледі.

      37. Барлық камераға түнгі уақытта кезекші жарық түсіріледі.

      38. Камералар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға (үй-жайдың шаршылық ауданы, көзге қауіпсіз жарық, күндізгі жарықпен әдебиет оқу мүмкіндігі, үй-жайды желдету) жауап беруге тиіс.

      39. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге аптасына екі реттен сиретпей ұзақтығы 15 минуттан аспайтын душта жуынуға мүмкiндiк берiледi.

      Моншада жуыну аптасына бір рет гауптвахта бастығы белгілеген күндері және сағатта жүргізіледі. Моншада жуыну күндері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің іш киімі мен төсек-орны ауыстырылады, оларды медициналық қарап-тексеру жүргізіледі.

      40. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге олардың өтiнiшi бойынша өтiнiштер мен шағымдар жазу үшін жазу құралдары (шариктi қалам мен қағаз) берiледi.

6-тарау. Сәлемдеменi, жөнелтілімді қабылдау және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге беру

      41. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге бірінші кезекте қажет болатын заттар бар сәлемдемені, жөнелтілімді, маусым бойынша киімді алуға рұқсат етіледі.

      Сәлемдеме, жөнелтілім гауптвахта бастығының қатысуымен қарап-тексеріледі.

      42. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер алуы мүмкін азық-түлік өнімінің, бірінші кезекте қажет болатын заттардың, аяқ киімнің, киімнің және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың тізбесі осы Қағидаларға 10-қосымшада келтірілген.

      Беруге рұқсат етілген заттар тiзбесi гауптвахта стендісінде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде iлiнедi.

      43. Жөнелтілімді жеткізген адам осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтінішті толтырады және оған қол қояды.

      44. Сәлемдеме мен жөнелтілімді қабылдай отырып, гауптвахта әскери қызметшісі жөнелтілімді жеткізген адамға жеке құжаттарын және қабылдағаны туралы қолы қойылған өтініштің бірінші данасын қайтарып береді, ал өтініштің екінші данасын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші жөнелтілімді алғаны туралы қолтаңбасын қойғаннан кейін оның жеке ісіне тіркейді. Жеке істе жөнелтілімді алғаны туралы белгі жасалады. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші өтінішке қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда ол туралы тиісті белгі жасалады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Сәлемдемеде, жөнелтілімде анықталған тыйым салынған заттар алынады және қайтару себептерін көрсете отырып, жөнелтілімді жеткізген адамға дереу қайтарылады. Жөнелтілім пошта арқылы алынған жағдайда тыйым салынған заттар гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке заттары тізімдемесіне енгізіледі және жазалау мерзімін өтегенге дейін оның басқа да жеке заттарымен бірге сақталады.

      46. Жөнелтілім:

      1) адресат гауптвахтадан босатылған;

      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған;

      3) жөнелтілімді жеткізген адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуден бас тартқан;

      4) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өз атына келген жөнелтілімді қабылдаудан жазбаша түрде бас тартуы болған жағдайда қабылданбайды және келушіге қайтарылады.

      47. Сәлемдеме немесе жөнелтілім оны қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кешіктірілмей гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге беріледі.

7-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жеделхаттар мен хаттарды, сондай-ақ өтініштер мен шағымдарды алуы және жөнелтуі

      48. Хат алмасу прокурорға және сотқа жазылған хаттардан басқа, iс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның рұқсаты бойынша гаптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер есебінен жүзеге асырылады және цензураға жатады.

      49. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден хаттар мен жеделхаттың толтырылған бланкілерін гауптвахта әскери қызметшісі күн сайын қабылдайды. Хаттар оларда жөнелтушінің тегі, инициалдары және гауптвахтаның пошталық мекенжайы көрсетіліп қабылданады. Жеделхаттың толтырылған бланкісіне жеделхатқа ақы төлеу үшін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің дербес шотынан ақша алу өтінішімен гауптвахта бастығының атына жазылған қамауға алынғанның өтініші (еркін нысанда) қоса беріледі.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Жеделхат жөнелтілгеннен кейін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге пошта түбіртегі беріледі, ал дербес шотында ақша болған кезде оған тиісті белгісі бар ақша түбіртегі қайтарылады. Қалдық болмаса, ақша түбіртегі өтінішке қоса тіркеледі. Жеделхатты жөнелткен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің пошта түбіртегін алғаны туралы қолы қойылған өтініші жеке ісіне қоса тіркеледі.

      51. Түсетін хаттарды кезекші ауысым бастығы береді.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Гауптвахта әскери қызметшілері күн сайын камераларды аралайды және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден өтініштер мен шағымдарды жазбаша және ауызша түрде қабылдайды.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Гауптвахтада осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтаны инспекциялайтын адамдардың ескертулері мен ұсыныстары кітабы жүргізіледі.

      54. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстары, өтініштері мен шағымдары осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды тіркеу кітабында тіркеледі және күнтізбелік бір күннен кешіктірілмей әскери полиция органдары арқылы тиесілігі бойынша жолданады.

      55. Ауызша нысанда қабылданған өтініштер мен шағымдар гауптвахта бастығына дереу баяндалады.

      56. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚАК) 10-бабының 2-тармағына сәйкес әскери полиция органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстарымен, өтініштерімен және шағымдарымен өтініш жасайды.

      57. Жазбаша өтiнiшпен немесе шағыммен өтініш жасаған әскери қызметшіге осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің, шағымның қабылданғаны туралы талон беріледі.

8-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің газеттер мен журналдарға жазылуы

      58. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының байланыс бөлімшелері арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылуға құқылы.

      59. Жазылуды ресімдеу үшін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші гауптвахта бастығының атына өтініш жазады (еркін нысанда) және абонемент пен жеткізу карточкасының бланкілері беріледі.

      60. Қазақстан Республикасының байланыс бөлімшесінде жазылуды ресімдеуді гауптвахтаның әскери қызметшісі гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің дербес шотындағы қаражат есебінен жүргізеді.

      61. Жазылуды басқа мекенжайға жолдау жазылушы есебінен әскери полиция органы басшылығының рұқсатымен оның жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.

      62. Жазылуды гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің атына оның жақын туыстары ресімдей алады.

      63. Жазылу ресімделуі мүмкін басылымдар санына шек қойылмайды.

9-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді медициналық-санитариялық қамтамасыз ету

      64. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер әскери полиция органының медицина қызметкеріне күн сайын қарап-тексерген уақытта медициналық көмекке, ал жіті науқастанған жағдайда гауптвахта әскери қызметшісіне жүгінеді. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші жүгінген гауптвахта әскери қызметшісі оған медициналық көмек көрсету және медицина қызметкерін шақырту үшін шаралар қабылдайды.

      65. Денсаулық жағдайына шағымданған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші медицина қызметкерінің (фельдшердің) қорытындысы бойынша шұғыл білікті медициналық көмек көрсету қажет болған кезде гауптвахта бастығының жазбаша рұқсатымен айдауылдың бірге жүруімен медициналық мекемеге жіберіледі.

      Гауптвахта бастығы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің медициналық мекемеге орналасқаны туралы прокурорды, судьяны және әскери бөлімнің (мекеменің) қолбасшылығын дереу хабардар етеді.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші госпитальға жатқызылған жағдайда медициналық мекемеде оған оқшауланған палата бөлінеді, оны күзетуді қамтамасыз ету үшін айдауыл қойылады.

      Медициналық мекемеде айдауылды әскери полиция органының бастығымен келісу бойынша әскери бөлім (мекеме) командирі белгілейді. Қажет болған кезде палата жиналмалы күзет құралдарымен жабдықталды.

      66. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші медициналық мекемеден шығарылғаннан кейін, егер судьяның өзге шешімі болмаса, айдауылдың бірге жүруімен гауптвахтаға қайта жіберіледі.

      67. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге амбулаторлық көмек гауптвахтаның камераларында көрсетіледі. Дәрі-дәрмекті беру медицина қызметкерінің (фельдшердің) тағайындауы бойынша белгіленген мөлшерде жеке қол қойдырумен жүзеге асырылады.

      68. Медицина қызметкері (фельдшер) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің, оның ішінде гауптвахтаға тергеу әрекетінен немесе сот отырыстарынан келген әскери қызметшілердің оларда дене зақымын және тері және инфекциялық аурулар белгілерін анықтау мақсатында сыртқы келбетін қарап-тексеруді жүргізеді.

      Инфекциялық аурулары бар науқастар анықталған кезде олар дереу оқшауландырылады, эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіледі. Дене зақымы мәніне жүргізілген қарап-тексеру нәтижесі бойынша акт (еркін нысанда) жасалады.

      69. Медицина қызметкері (фельдшер) дене зақымын анықтаған кезде медициналық көмек көрсетеді, бір тәулік мерзімде медициналық куәландыру жүргізіледі, оның нәтижесі гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің амбулаторлық картасында тіркеледі.

      Медицина қызметкері (фельдшер) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің анықталған дене зақымының әрбір фактісі туралы әскери полиция органының бастығына баянатпен дереу баяндайды.

10-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші тамақтанудан бас тартқан кезде қабылданатын шаралар

      70. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің тамақтанудан бас тарту фактiсi анықталған кезде кезекшi ауысым бастығы гауптвахта бастығына баяндайды. Гауптвахта бастығы оның себебін анықтайды және әскери полиция органының бастығына баяндайды.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      71. Тамақтанудан бас тартатын әскери қызметші гауптвахтада ұсталатын басқа әскери қызметшілерден бөлек ұсталады және медицина қызметкерiнiң (фельдшердің) қадағалауында болады.

      72. Егер оның өмiрiне қауiп төнсе, тамақтанудан бас тартқан гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің денсаулығын сақтауға бағытталған, оның iшiнде мәжбүрлеу сипатындағы шаралар оны қадағалайтын медицина қызметкерiнiң (фельдшердің) жазбаша қорытындысы негiзiнде медициналық көрсеткiштер бойынша жүзеге асырылады.

      73. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің тамақтанудан бас тартуы басқа күзетпен ұстау орындарына этаппен жөнелтуге немесе айдауылдауға, сондай-ақ тергеу әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуына кедергі болмайды.

      Қажет болған кезде этаппен жөнелту немесе айдауылдау медицина қызметкерінің (фельдшердің) бірге жүруімен жүргізіледі.

11-тарау. Күнделікті сейілдеу

      74. Әрбір гауптвахта жанында гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің сейілдеуіне арналған, осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес сейілдеу ауласының сипаттамасында белгіленген биіктігі кемінде үш метр қалың дуалмен қоршалған, жоғары жағынан металл тормен жабдықталған аула жабдықталады.

      75. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер күн сайын ұзақтығы кемінде 1 сағат сейілдеуді пайдаланады. Жүкті әскери қызметші әйелдер үшін сейілдеу ұзақтығы кемінде 3 сағатты құрайды.

      76. Сейілдеу камера бойынша күндізгі уақытта гауптвахтаның арнайы жабдықталған аумағында жүргізіледі. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзған жағдайда гауптвахта бастығының (кезекші ауысым бастығының) шешімі бойынша оның сейілдеуі мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      Гауптвахтаға қамауға алынған офицерлер мен әскери қызметші әйелдер сейілдеуге қалған әскери қызметшіден бөлек шығарылады.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      77. Сейілдеуден босатуды әскери қызметшінің өтінішін қарағаннан кейін гауптвахта бастығы жүзеге асырады.

12-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің кездесуін өткізу

      78. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшімен кездесуге бір уақытта екеуден артық емес кәмелетке толған адам жіберіледі.

      79. Кездесу жалпы кезектілік тәртібінде беріледі. Кездесуге келген адамдар кездесу уақытында өзін-өзі ұстау қағидалары туралы хабардар етіледі және осы Қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда кездесудің тоқтатылатыны туралы ескертіледі.

      80. Кездесуге жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз не масаң күйде келген адамдарға кездесу берілмейді. Кездесу беруден бас тарту себептері кездесуге келген адамға жарияланады.

      81. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің қорғаушымен, жақын туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуі гауптвахта әскери қызметшілерінің бақылауымен қандай да бiр заттарды беруді болдырмайтын, бірақ сөйлесуге және көзбе-көз кездесуге кедергі келтірмейтін бөлетін қабырға арқылы кездесу өткізуге арналған арнайы жабдықталған орында жүргiзiледi.

      Әрбір гауптвахтада кабиналардан тұратын кездесу өткізуге арналған орын жабдықталады. Кабиналар ілмексіз жеңіл есіктермен жабдықталады.

      Кабиналар арасын бөлетін қабырға сөйлесуге арналған саңылауы бар органикалық әйнектен жасалады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      82. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде адвокатураға тиесілігін растайтын құжатын және адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігін куәландыратын ордерінің екінші данасын көрсеткеннен кейін қорғаушы ретінде іске қатысатын адвокатпен кездесу беріледі.

      83. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен кездесуге рұқсат алған адамдардың әскери полиция органы бастығының немесе оның орнында болатын адамдардың рұқсатынсыз гауптвахтаға техникалық байланыс құралдарын, компьютерлерді, кино, фото, аудио, бейне және көбейту аппаратурасын алып кiруіне және кездесу уақытында оларды пайдалануына жол берілмейді.

      84. Кездесуге келген адамдар кездесуді өткізуге жауапты гауптвахта әскери қызметшілерінің талаптарын орындамаған, тыйым салынған заттарды не қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтерді беруге әрекет жасаған жағдайда кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      85. Кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оны өткiзуге жауапты гауптвахта әскери қызметшісі кездесудi тоқтату себебiн көрсетіп, ол туралы гауптвахта бастығына жазбаша баяндайды.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      86. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен кездесу қысқа уақытқа тоқтатылған жағдайда (карантинге, ерекше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты) гауптвахта бастығы ол туралы гауптвахтада заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды, тиісті сот және тергеу органдарын хабардар етеді, әскери полиция органының бақылау-өткізу пунктінде мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру ілінеді.

13-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің тергеу әрекеттеріне және сот отырысына қатысуын қамтамасыз ету

      87. Әскери полиция органының басшылығы қылмыстық іс жүргізетін судьялардың, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтауды жүргізетін адамдардың гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жұмыс уақытында гауптвахтаға кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді.

      88. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 209-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайдан басқа, тек күндізгі уақытта жауап алуға шақыртылады.

      89. ҚР ҚПК-да көзделген жағдайды қоспағанда, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді камерадан кездесуге, сондай-ақ кезекші ауысым кезекшілікті тапсырған-қабылдаған кезеңде, күн тәртібіне сәйкес тамақтану (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) уақытында, сондай-ақ түнгі уақытта (кешкі сағат 22.00-ден бастап келесі күнгі таңғы сағат 6.00-ге дейін) шақырту бойынша шығаруға жол берілмейді.

      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      90. Тергеушiнiң, анықтау жүргiзетін адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша гауптвахта аумағында тергеу әрекеттерін, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамалар жүргізу үшiн гауптвахта бастығы:

      1) жабдықталған үй-жай береді;

      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеткізеді және оны күзетуді қамтамасыз етеді;

      3) тергеу әрекеттеріне қатысу үшiн тартылатын өзге де адамдардың гауптвахтаға кiруiн қамтамасыз етеді.

      91. Апелляциялық инстанцияның күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы, істі бір органнан екіншісіне беру туралы істі қарайтыны туралы хабарламалар гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге қолын қойдырумен жарияланады және олардың жеке істеріне қоса тіркеледі.

14-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді көтермелеу және оларға жаза қолдану

      92. Көтермелеу және жазалау шаралары барлық гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында (бұдан әрі – Тәртіптік жарғы) белгіленген тәртiппен қолданылады.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әрбір әскери қызметшіге әскери полиция органында Тәртіптік жарғыға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік карточка басталады және тіркеледі, ол әскери қызметші босатылған кезде жеке ісімен бірге бұрынғы қызмет орнына жолданады.

      93. Көтермелеу шаралары ретінде бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алу және алғыс жариялау қолданылуы мүмкін.

      94. Гауптвахтада ұстау тәртібін бұзғаны, күдіктіге және айыпталушыға белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылады:

      1) сөгіс;

      2) он бес тәулікке дейінгі мерзімге жеке камераға қамауға алу.

      95. Жеке камераға қамауға алу түріндегі жазаны гауптвахта бастығы медицина қызметкерінің (фельдшердің) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні дәлелді қаулы негізінде жеке камерада ұстау мүмкіндігі туралы қорытындысы болған кезде қолданады.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жаза қолдану туралы қолдарын қойдырумен жарияланады. Бұйрықтың көшірмесі немесе одан үзінді, тексеру материалымен бірге қаулы осы адамның жеке ісіне қоса тіркеледі.

      96. Жеке камераға қамауға алынған әскери қызметшіні санитариялық өңдеу ол жазаны өтегеннен кейін, ал медицина қызметкерінің (фельдшердің) нұсқауы бойынша оны жеке камерада ұстау кезеңінде де жүргізіледі. Медицина қызметкерінің (фельдшердің) науқастанғанды жеке камерадан мерзімінен бұрын босату қажеттілігі туралы нұсқауы дереу орындалуға тиіс.

      97. Ауызша жарияланғандардан басқа, барлық көтермелеу мен жазаны гауптвахта бастығы жариялайды және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жазалауды және көтермелеуді есепке алу кітабында есепке алынады және әскери қызметшінің қызметтік карточкасына енгізіледі.

      98. Жеке камераға қамауға алу туралы кезекші ауысым бастығы баянатпен гауптвахта бастығына баяндайды, ол бұл туралы жоғары бастыққа баяндайды.

      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

15-тарау. Гауптвахта бастығының гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдауы

      99. Гауптвахта бастығының гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдауы демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

      100. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдау олардың мәліметіне жеткізілетін және гауптвахтаның ақпарат стендісіне ілінетін гауптвахта бастығы бекіткен кесте бойынша жүзеге асырылады.

      101. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдауға жазу гаптвахта әскери қызметшілері камераларды аралаған уақытта күн сайын жүзеге асырылады.

      Гауптвахта бастығының атына қабылдау туралы өтініштер (еркін нысанда толтырылады) жазбаша беріледі немесе ауызша жасалады және әскери қызметші қабылдауына баруды жоспарлаған лауазымды адамды көрсетіп, осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды беру кезектілігі тәртібінде әскери полиция органы бастығының жеке қабылдау журналында (бұдан әрі – жеке қабылдау журналы) тіркеледі.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      102. Қабылдау өтiнiштерді беру кезектілігі тәртiбiнде жүргізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін жеке қабылдау журналында және жеке қабылдау туралы өтiнiште оның нәтижесi тіркеледі. Өтiнiш гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне қоса тіркеледі.

      103. Гауптвахта бастығының гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жақын туыстарын немесе өзге де адамдарды жеке қабылдауы гауптвахтаның ақпарат стендісіне ілінетін кесте бойынша қызметтік кабинетте жүргізіледі.

      104. Әскери қызметшілердің жақын туыстарын жеке қабылдау нәтижесі жеке қабылдау журналында тіркеледі.

16-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің мәйітін беру

      105. Заңның 23-бабына сәйкес әскери полиция органының басшылығы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің қайтыс болғаны туралы оның жақын туыстарына, қадағалаушы прокурорға, әскери бөлімнің (мекеменің) қолбасшылығына, сондай-ақ іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамға немесе органға дереу хабарлайды.

      Егер қайтыс болған әскери қызметшінің жақын туыстары гауптвахта орналасқан қалада немесе елді мекенде тұрмаса, хабарлама телеграф арқылы жолданады.

      106. Қайтыс болған әскери қызметшінің мәйіті талап етілгенге дейін, бірақ жеті тәуліктен асырылмай не уәкілетті орган қайтыс болу фактісі бойынша тексеруді аяқтағанға дейін денсаулық сақтау органдарының жақын жердегі емдеу мекемесіндегі мәйітханаға сақтауға беріледі.

      107. Мәйітті беру оны талап еткен адамның жазбаша өтініші бойынша іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның, әскери бөлім (мекеме) қолбасшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады. Мәйітті алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.

      108. Егер қайтыс болған адамның туыстары мәйітті алу үшін уақтылы келе алмаса, олар бұл туралы қосымша хабарлайды.

      109. Көрсетілген мерзiмде талап етiлмеген қайтыс болған әскери қызметшінің мәйіті мемлекет есебiнен жерлеу үшін берiледi.

17-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді босату

      110. Күзеттен босатылған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге жеке құжаттары, заттары, оның дербес шотында сақталудағы ақшасы, сондай-ақ осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтадан босатылғаны туралы анықтама беріледі. Гауптвахтада ұстау кезеңінде әскери қызметшілерге қолданылған көтермелеу мен жазалар туралы гауптвахтадан босатылған күні әскери бөлімнің (мекеменің) қолбасшылығына жазбаша түрде хабарланады.

      111. Гауптвахта бастығы әскери бөлімнің (мекеменің) командирін оны күзетпен ұстау мерзімі өткенге дейін 3 тәулік бұрын әскери қызметшінің босатылғаны туралы хабардар етеді.

      112. Әскери бөлім (мекеме) командирі гауптвахта бастығының хабарламасы бойынша көрсетілген уақытта әскери қызметшіні қызмет орнына алып келу үшін гауптвахтаға бөлімнің өкілін жібереді, сондай-ақ оны маусым бойынша киіммен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
"Бекiтемiн"
_______________________
әскери полиция органының
бастығы
___________________________
(әскери атағы, қолы, тегi, аты
және әкесінің аты (болған кезде)
20 ___ жылғы "___"_________
 

IШКI ТӘРТIПТЕМЕ (үлгiлiк)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Күдіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының гауптвахтасына қамауға алынған әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртіптемесі қағидаларының талаптарын сақтайды.

      2. Гауптвахтада ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар үшін мынадай күн тәртіптемесі белгіленеді:

Р/с №

Жүргізілетін іс-шаралардың атауы

Ұзақтығы

Өткізу уақыты

басталуы

аяқталуы

1.

Ұйқыдан тұру

10 минут

6.00

6.10

2.

Айыпталушылар мен күдіктілерді тексеру, төсек жабдығын тапсыру, сәкілерді көтеру

20 минут

6.10

6.30

3.

Таңертеңгi жуыну

40 минут

6.30

7.10

4.

Гауптвахта камералары мен үй-жайын жинау

40 минут

7.10

7.50

5.

Таңғы қарап-тексеру

30 минут

7.50

8.20

6.

Таңғы ас

20 минут

8.20

8.40

7.

Гауптвахта әскери қызметшілерінің камераларды аралап шығуы

20 минут

8.40

9.00

8.

Жарғыларды зерделеу бойынша сабақ

2 сағат

9.00

11.00

9.

Саптық даярлық сабағы

2 сағат

11.00

13.00

10.

Жуыну, қол жуу

20 минут

13.20

13.40

11.

Түскi ас

40 минут

13.40

14.20

12.

Жеке уақыт

30 минут

14.20

14.50

13. 14.

Сейілдеу

60 минут

14.50

15.50

Жүкті әйелдердің сейілдеуі

180 минут

14.50

17.50

15.

Шаруашылық жұмысын жүргізу

40 минут

17.50

18.30

16.

Жеке уақыт

30 минут

18.30

19.00

17.

Кешкі ас

30 минут

19.00

19.30

18.

Газеттер мен журналдарды қарау

50 минут

19.30

20.20

19.

Гауптвахта камералары мен үй-жайын жинау

40 минут

20.20

21.00

20.

Кешкi жуыну

30 минут

21.00

21.30

21.

Кешкі тексеру

20 минут

21.30

21.50

22.

Төсек жабдығын беру, сәкілерді түсіру

10 минут

21.50

22.00

23.

Ұйықтау

22.00

      Әскери полиция органының гауптвахта бастығы________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегi, аты және әкесінің аты (болған кезде)

      20 ___ жылғы "___"_________


  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу
ЖУРНАЛЫ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__жылғы "___"______ басталды

      20__жылғы "___"______ аяқталды

Р/с №

Гауптвахтаға қамауға алынған күнi мен уақыты

Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты

Әскери бөлім нөмірі

Кiм ұстады (қамаққа алды, соттады)

Ұстау себебi (қамаққа алу, не үшiн сотталды, қандай бап бойынша

Қай мерзiмге және қандай камерада ұсталады

Қабылданған киім, құжаттар мен ақша

Ұстау (қамаққа алу, соттау) мерзiмi қашан аяқталады

Қамаққа алынғанды қабылдау кезiнде медициналық қарап-тексеру уақыты, моншада жуыну және денесiн қарап-тексеру туралы жазба (медицина қызметкерiнiң қолтаңбасы)

Гауптвахтадан босатылған күнi мен уақыты

Гауптвахтаға қабылдау кезiнде заттарды, құжаттар мен ақшаны тапсырғаны туралы қолтаңба

Гауптвахтадан босатылған кезде заттарды, құжаттар мен ақшаны алғаны туралы қолтаңба

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда
күдіктілер мен
айыпталушыларды
ұстау тәртібі қағидаларына
3-қосымша

Гауптвахтаға қамауға алынған күдіктілер мен айыпталушылардың өзін-өзі ұстауына қойылатын талаптар

      1. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:

      1) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген күзетпен ұстау тәртібін және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің әскери полиция гауптвахталарындағы ішкі тәртіптемені сақтайды;

      2) гауптвахта әкімшілігінің және әскери полиция органы қолбасшылығының талаптарын орындайды;

      3) гигиена мен санитария талаптарын сақтайды;

      4) күнделікті сейілдеуге шығады (сейілдеуден босатуды медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша гауптвахта бастығы жүзеге асырады);

      5) Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды;

      6) гауптвахта мүлкіне ұқыпты қарайды;

      7) кезектілік тәртібінде камераларды және басқа да үй-жайды жинайды;

      8) гауптвахта әскери қызметшілерінің, сондай-ақ өзге де адамдардың ар-намысын қорлайтын әрекет жасамайды;

      9) күзетпен ұстау тәртібін қамтамасыз ететін гауптвахта әскери қызметшілеріне, сондай-ақ өзге деадамдарға олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасамайды;

      10) белгіленген күн тәртібін сақтайды;

      11) гауптвахта әскери қызметшілеріне жалпыәскери жарғыларға сәйкес әскери атағы бойынша немесе лауазымы бойынша өтініш жасайды;

      12) гауптвахта әскери қызметшілері камераларға кірген кезде олардың командасы бойынша тұрады және көрсетілген жерде сапқа тұрады;

      13) сыртқы пішінін ұқыпты ұстайды;

      14) айдауылмен немесе гауптвахта әскери қызметшілерінің бірге жүруімен жүрген кезде қолын артында ұстайды;

      15) гауптвахта әскери қызметшілерінің, өзге де лауазымды адамдардың талабы бойынша өз әскери бөлімін, әскери атағын, тегін, атын және әкесінің атын (болған кезде) хабарлайды;

      16) тыныштықты сақтайды;

      17) кезектілік тәртібінде камера бойынша кезекшілік атқарады.

      2. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің өзін-өзі ұстау қағидаларын бұзуы:

      1) гауптвахтаның басқа камераларында немесе өзге де үй-жайында ұсталатын әскери қызметшілермен сөйлесу, қандай да бір заттарды беру, тарсылдату немесе олармен хат алмасу;

      2) сөйлесудің, қандай-да бір заттарды берудің және бостандықта жүрген адамдармен хат алмасудың белгіленген тәртібін бұзу;

      3) әкімшіліктің рұқсатынсыз гауптвахта камерасынан және басқа да үй-жайынан шығу;

      4) гауптвахта объектілерін күзету желісін бұзу;

      5) алкогольдік ішімдікті, есірткі және психотроптық заттарды дайындау және тұтыну;

      6) материалдық немесе өзге де пайда алу мақсатында үстел ойындарын ойнау;

      7) өзіне немесе өзге де адамдарға татуировка салу;

      8) әкімшіліктің рұқсатынсыз ұйықтау орындарына перде ілу немесе ауыстыру;

      9) қолдан жасалған электр аспабын пайдалану;

      10) әкімшіліктің рұқсатынсыз электр аспабын пайдалану;

      11) камерада ашық от жағу;

      12) әкімшіліктің рұқсатынсыз сантехникаға, жарық беру және басқа да аспапқа жөндеу жүргізу немесе камерада жарықтандыруды реттеу;

      13) камералардағы санитариялық торапты ластау;

      14) гауптвахтаға қамауға алынған күдіктілер мен айыпталушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты камераның қабырғасынан алу;

      15) қабырғаларға, камера мүкәммалына қағаз, фото, сурет, газет пен журнал қималарын жапсыру, оған жазбалар мен суреттер салу;

      16) тыныштықты бұзу;

      17) саптан шығу, темекі шегу, сөйлесу, камерадағы есіктің көзіне қарау, қандай да бір заттарды көтеру, гауптвахта аумағы бойынша жүрген кезде дабыл дабылдамасының батырмасын басу;

      18) терезеден бірдеңе лақтыру, терезе алдына шығу, форточкадан шығару, есіктің "көзшесіне" тығыз жақындау, "көзшені" жабу;

      19) жеке пайдаланудағы заттарды сату, сыйға тарту немесе өзге де тәсілмен иеліктен шығару болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда
күдіктілер мен
айыпталушыларды
ұстау тәртібі қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  "Бекiтемiн"
_________________
әскери полиция органының
бастығы
___________________________
(әскери атағы, қолы, тегi,
аты және әкесінің аты
(болған кезде)
20 ___ жылғы "___"_________

Камера бойынша орналастыру жоспары

Бөлек ұсталады

Камераның №

Камерадағы орындар саны

Ескертпе

1

2

3

4

      ӘПО бастығының орынбасары _____________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
5-қосымша

Ортақ камералардың сипаттамасы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер ұсталатын камералардың құрылымы сыртқы қоршаған ортадан және іргелес үй-жайлардан сенiмдi оқшаулауды қамтамасыз етеді. Камералардың жоспарланған нысаны есiк негізінің "көзшесі" арқылы оларды анағұрлым жақсы шолып көруді қамтамасыз етеді.

      Камераның есiгi металдан жасалған. Еден деңгейiнен биiктiгі 95 см төмен емес тамақ үлестіруге арналған форточка орнатылады. Камерадағы әскери қызметшілердің өзін-өзі ұстауын қадағалау үшін кіретін есікке "көзше" жабдықталады.

      Камералардағы және ортақ пайдаланылатын орындардағы (жуынуға арналған бөлмедегі, дәретханадағы) есік пен терезе техникалық күзет құралдарымен жабдықталады. Үй-жай терезесінің қажет болған кезде ішкі жағынан металл тормен қапталған металл торы болады.

      Ортақ камера бiр адамға 0,4 метр есебінен қайырылып жиналатын сәкімен, үстелмен, ағаш орындықпен, түкіргішпен, ауызсуға арналған ыдыспен және кружкамен жабдықталады.

      Офицерлерді және әскери қызметші әйелдерді ұстауға арналған камералар ағаш кереуетпен, үстелмен, орындықтармен, жеке заттары мен жуыну керек-жарағына арналған тумбочкамен, ауызсуға арналған ыдыспен және кружкамен, ілгішпен және түкіргішпен жабдықталады.

      Камераның барлық жабдығы еденге бекітіледі.

      Барлық камераға арналған құлып бірдей болады және біркелкі кілтпен бекітіледі. Бір кілт кезекші ауысым бастығында, екіншісі – гауптвахта бастығында және үшіншісі – әскери полиция органы бойынша кезекшіде сақталады.

      Камераларда терезенің ішкі жағынан терезе саңылауына қолжетімділікті шектейтін металл тор орнатылады.

      Гауптвахта дәлізінде жуыну керек-жарағы мен аяқ киім тазалауға арналған құралдарға арналған құлыпқа жабылатын шкафтар болады. Шкафтардың кілті кезекші ауысым бастығында сақталады.

      Астары жылы күртеше мен бас киім гауптвахтаға қамаққа алынған адамдардың заттарын сақтауға арналған бөлмеде сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау тәртібі қағидаларына
6-қосымша

Тыйым салынған заттар мен құралдар тізбесі

      1) қару, жарылғыш, улы, уландырғыш және өрт қаупі бар зат, есірткі құралы, психотроптық зат, прекурсор, спирттік ішімдік, бұрыш, тұз, оттық;

      2) шарф, белбеу, белдік, иық бау, бау, галстук, ұзындығы50 сантиметрден аспайтын сүлгі;

      3) шыны ыдыс, өткір, кесетін және тілетін зат;

      4) білезік, ойын картасы, түйме, жүзік, сырға, қол сағат, орден, медаль, металл зат пен құндылық;

      5) иіссу, одеколон және спирттік негіздегі өзге де бұйым;

      6) фото-, бейне- және аудиожазба аппаратурасы, байланыс құралы, флэш-жинақтауыш (алынбалы-салынбалы ақпарат жеткізгіш);

      7) ақша, бағалы қағаз, зергерлік бұйым.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда
күдіктілер мен
айыпталушыларды ұстау
тәртібі қағидаларына
7-қосымша

Күдікті мен айыпталушыны жеке тінту және оның заттарын толық тексеру хаттамасы

      20__ ж. "____"____________________________________

      (жасау орны)

      Тінту және толық тексеру: ___сағ. ___ мин. басталды.

      Тінту және толық тексеру: ___ сағ. ___ мин. аяқталды.

      ________________________________________________________________________,

      (жеке тінту мен толық тексеру жүргізетін адамның лауазымы, атағы, тегі, аты және

      әкесінің аты (болған кезде)

      ҚР ҚАК 98-бабының талаптарын сақтай отырып, ______________

      үй-жайында күдікті және айыпталушы әскери қызметшіге жеке тінту

      ________________

      _________________________________________________________________________

      (күдікті және айыпталушы әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты

      (болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      және оның заттарына толық тексеру жүргіздім, ол туралы хаттама жасадым.

      Жеке тінту және заттарды толық тексеру басталар алдында

      __________________________________________________________________________

      (жеке тінту және толық тексеру жүргізетін адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні)

      күдікті және айыпталушы әскери қызметшіге __________________________________

      (күдікті мен айыпталушының әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)

      тыйым салынған заттарды ерікті түрде беру ұсынылды, оған ол

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________ мәлімдеді

      және ерікті түрде берді:

      1) ___________________________________________________;

      2) ___________________________________________________;

      Одан кейін _____________________________________________________________

      (жеке тінту және толық тексеру жүргізетін лауазымды адам)

      күдікті және айыпталушы әскери қызметшіні

      _______________________________________________________________________

      (күдікті мен айыпталушының әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)

      ____________________________________ жеке тінтуге және оның заттарын толық

      тексеруге кірісті.

      Күдікті және айыпталушы әскери қызметшінің киген киімі: _____________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Күдікті және айыпталушы әскери қызметшіде мынадай заттар болды:____

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Күдікті және айыпталушы әскери қызметшіге жүргізілген

      __________________________________________________________________

      (күдікті және айыпталушы әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және

      әкесінің аты (болған кезде)

      жеке тінту және оның заттарын толық тексеру нәтижесінде анықталды:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Күдікті және айыпталушы әскери қызметшіні жеке тінту және оның

      заттарын толық тексеру барысында алынды (гауптвахтаның ішкі тәртіптемесі

      қағидаларында көзделмеген құжаттар, заттар,нәрселер, бұйымдар, құралдар,

      құндылық, ақша және азық-түлік өнімі):

      1) ___________________________________________________;

      2) ___________________________________________________;

      Күдікті және айыпталушы әскери қызметшіні жеке тінту және оның заттарын толық

      тексерубарысында келіп түскен

      ескертулер ________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      Хаттаманы оқыды ______________________________________________

      (жеке өзі не жеке тінту және толық тексеру жүргізген адам дауыстап оқиды)

      Күдікті және айыпталушы әскери қызметші мәлімдеген ескертулер мен толықтырулар:

      _____________________________________________________________

      Күдікті және айыпталушы әскери қызметші: ________________________

      __________________________________________________________________

      (лауазымы,әскери атағы,қолы,тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)

      Жеке тінту және заттарды толық тексеру хаттамасының көшірмесін алдым:

      20__ ж. "____"______

      _________________________________________________________________

      (күдікті мен айыпталушының тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда
күдіктілер мен
айыпталушыларды
ұстау тәртібі қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Алу актісі

      Бiз, төменде қол қойған мынадай құрамдағы комиссия _______________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегi, аты және әкесiнiң аты (болған кезде)

      ұсталушыдан, күдіктіден, айыпталушыдан, әкімшілік тәртіппен қамауға алынғаннан

      және қамауға сотталғаннан ________________________________________________

      (әскери атағы, тегi, аты және әкесiнiң аты (болған кезде)

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы

      мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 33-бабына сәйкес сомасы ______________ (______) ақшаны, бағалы

      қағазды және бағалы затты ___________________ және азық-түлiк өнімін алуды

      жүргіздік (сақтауға қабылдадық).

      Барлығы берiлгенi: __________ бағалы қағаз, құнды зат атауы,

      __________________________________________________________________

      (саны) (сомасы жазумен)

      ақша, азық-түлiк өнімінің ___________, заттың атауы ______________________

      Бердім: _______________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), қолы)

      Қабылдадым: __________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), қолы)

      Қатысқан: _____________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), қолы)

      ___ жылғы "___"___________________

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
9-қосымша
Нысан

Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу
ЖУРНАЛЫ

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__жылғы "___"______басталды

      20__жылғы "___"______аяқталды

Р/с №

Гауптвахтаға қамауға алу күні мен уақыты

Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты

Әскери бөлім нөмірі

Кім ұстады (қамаққа алды)

Ұстау себебі (қамаққа не үшін алынды және
ҚР ҚК-ның қандай бабы бойынша)

Қандай мерзімге және қай камерада ұсталады

Қабылданған заттар, құжаттар мен ақша

Ұстау (қамаққа алу) мерзімі қашан аяқталады

Қамаққа алынғанды қабылдау кезінде медициналық қарап-тексеру, моншада жуыну және денесін қарап-тексеру уақыты туралы жазба (медицина қызметкерінің қолтаңбасы)

Гауптвахтадан босатылған күні мен уақыты

Гауптвахтаға қабылдау кезінде заттарды, құжаттар мен ақшаны тапсырғаны туралы қолтаңба

Гауптвахтадан босатылған кезде заттарды, құжаттар мен ақшаны алғаны туралы қолтаңба

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

     

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды ұстау
тәртібі қағидаларына
10-қосымша

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер сәлемдеме (жөнелтілім) арқылы ала алатын азық-түлік өнімінің, бiрiншi кезекте қажет болатын заттардың, аяқ киiмнің, киімнің және басқа да өнеркәсiптік тауардың тiзбесі

      1) темекi бұйымы, сіріңке;

      2) бiр жиынтықта белдiкті белбеу, иық бау мен галстук жоқ киiм, маусым бойынша бас киiм, аяқ киiм (супинаторсыз, металл тағасыз);

      3) iш киiм;

      4) шұлық;

      5) биялай немесе қолғап;

      6) бет орамал;

      7) жуыну керек-жарағы (иіс сабын, кір сабын, дәретхана қағазы, су сабын, тiс пастасы, тiс щеткасы, сабынға және тiс щеткасына арналған пластмасса қорап, иісмай, тарақ), жөке немесе ысқыш, электр ұстарасы немесе бiр рет пайдаланылатын қауiпсiз ұстара (гауптвахта камерасынан тыс орналасқан қамауға алынғандардың мүлкін сақтайтын құлыпқа жабылатын арнайы шкафта сақталады);

      8) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қорап;

      9) шұлық немесе колготки, бас орамал, белдiк, бюстгальтер, дәке, мақта, гигиеналық және косметикалық заттар, пластмасса бигуди (әйелдер үшін);

      10) жылдам бұзылатын азық-түлік өнімі және әскери полиция органы медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша қабылдауға көзделмеген азық-түлік;

      11) шариктi қалам, оған өзектер, қарындаштар;

      12) хат жазуға арналған қағаз, пошта конверттерi, ашық хаттар, пошта маркалары;

      13) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзiмдi басылым;

      14) атап көрсетілгендерден басқа, қылмыстық iске не олардың құқықтары мен заңды мүддесін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттарды және жазбаларды, сондай-ақ пошта жөнелтілімінің бланкiлерiн, сақтауға тапсырылған ақша түбiртегiн, құндылықты, құжаттарды және басқа да заттарды өзiмен бiрге алып жүруге және сақтауға рұқсат етiледi.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
11-қосымша

Өтініш

      Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (тегi, аты және әкесiнiң аты (болған кезде)

      ___________________________________________________________________тұратын

      (тұрғылықты мекенжайы, жұмыс (қызмет) орны)

      __________________________________________________________________________

      күдікті, айыпталушы ___________________________________________________ үшiн

      (әскери атағы, тегi, аты және әкесінің аты (болған кезде), туған жылы) жөнелтiлiмдi

      қабылдауыңызды сұраймын.

Жөнелтілімдегі азық-түліктің (заттардың) тізімдемесі:

Р/с №

Азық-түлiк немесе заттар атауы

Салмағы

Саны

Ескертпе

(кг, грамм)

1





2





      Өтiнiш иесiнiң қолы және тегі

      ______________________________________________________________________

      ___ жылғы "__"____________

      Жөнелтілімді қабылдадым ______________________________________________

      (жөнелтілімді қабылдаған әскери қызметшінің әскери атағы, қолы, тегі, аты және

      әкесінің аты (болған кезде)

      Жөнелтілімді алдым

      _______________________________________________________________________

      (жөнелтілімді алған күдіктінің, айыпталушының қолы, тегі, аты және әкесінің аты

      (болған кезде) ___ жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда
күдіктілер мен
айыпталушыларды
ұстау тәртібі қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

Гауптвахтаны инспекциялайтын адамдардың ескертулерi мен ұсыныстары кiтабы ___________________________________________

      (әскери полиция органы)

      ___ жылғы "___" __________ басталды.

      ___жылғы "___" ________ аяқталды.

Р/с

Күнi

Инспекциялайтын адамның лауазымы, әскери атағы, тегі және аты-жөні

Ескертулер мазмұны

Ұсыныстар

Орындау мерзiмі

Қабылданған шаралар








  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда
күдіктілер мен
айыпталушыларды
ұстау тәртібі қағидаларына
13-қосымша
  Нысан

Ұсыныстарды, өтiнiштер мен шағымдарды тіркеу кітабы

Р/с №

Келіп түскен күні (жылы, айы, күні)

Өтініш берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және оның әскери қызметке қатынасы

Өтініштің қысқаша мазмұны

Кімге және қашан орындауға берілді,
орындаушының қолтаңбасы

Орындау мерзімі

Қашан және қандай шешім қабылданды

Құжат тігілген істің №

1

2

3

4

5

6

7

8









  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
14-қосымша
Нысан

Жолданымды, өтінішті қабылдау туралы талон

      Ескерту. 14-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ТАЛОН
(түбіртек)
ТАЛОН
(корешок)


(талонның нөмірі/номер талона) Өтініш/обращение _________________________________ _________________________________ (өтініш берушінің тегі, инициалдары не атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя) _________________________________ _________________________________ 20__ж./г.__ "__" ________________________ ______________________________ Өтінішті қабылдаған әскери қызметшінің лауазымы, ТАӘ, қолы/ должность, Ф.И.О., подпись военнослужащего, принявшего обращение _________________________________ _________________________________ (қолы/подпись) Талонды алған адамның қолы/ подпись получившего талон _________ "__" сағ/час "___" мин. 20__ ж./г. "___"_________________

ТАЛОН
(жыртылатын талон)
ТАЛОН
(отрывной талон)


(талонның нөмірі/номер талона) Өтініш/обращение _________________________________ _________________________________ (өтініш берушінің тегі, инициалдары не атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя) _________________________________ _________________________________ (қабылданды/принято. Қабылдаған/принял (лауазымы, тегі және инициалдары/ должность, фамилия и инициалы) _________________________________ _________________________________ _________________________________ 20__ ж./г. "___" ________________ _________________ (колы / подпись)

      Ескертпе:

      1. Талондар нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Талондар гауптвахтаның кезекшi ауысым бастығында сақталады.

      2. Талонның бірегей нөмірінде бірінші жұп болып жолданым тіркелген жылы, екінші жұп болып – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коды, үшінші жұп болып – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың) коды, төртінші жұп болып – ауылдық округтің коды белгіленеді. Субъектінің коды және талонның реттік нөмірі бес цифрдан тұрады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда
күдіктілер мен
айыпталушыларды
ұстау тәртібі қағидаларына
15-қосымша

Сейілдеу ауласының сипаттамасы

      Сейілдеу ауласы режимдiк аулада орналасуға тиіс.

      Сейілдеу ауласы гауптвахтаға тығыз шектеседі.

      Сейілдеуге шығарылатын әрбірадамға сейілдеу ауласының 2,5–3 шаршы метрі (бұдан әрi – м2) болуға тиіс. Сейілдеу ауласының минималды көлемi – 12 м2.

      Сейілдеу ауласы биіктігі кемінде үш метр тығыз дуалмен қоршалады. Сейілдеу ауласының үстiңгi жағына металл жақтау бекітіледі, оған ұяшықтары 17x17 сантиметрден аспайтын металл тор бекітіледі. Тордыңүстіне ұяшықтары 5x5 сантиметрден аспайтын "Рабица" типіндегі металл тор бекiтiледi.

      Сейілдеу ауласы үстінен қабырғаның бойымен атмосфералық жауын-шашыннан тасалау үшін ені 1,2 метрге дейін жеңiл қалқалар орнатылады.

      Сейілдеу ауласының ортасына жерге сенімді бекітілетін орындық орнатылады.

      Сейілдеу ауласы су ағынымен қамтамасыз етiледі.

      Сейілдеу ауласында бақылаушының қызмет атқаруы үшiн сейілдеу ауласында жүрген барлық қамауға алынғандар оның ұдайы қадағалауында болатындай есеппен орын жабдықталады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
16-қосымша
 

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жазалауды және көтермелеуді есепке алу кітабы

      Ескерту. 16-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      I бөлік Жазалауға тартылған адамдарды есепке алу

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Жазалау не үшін қолданылды

Жазалау түрі

Кім және қашан жазалауды қолданды

Ескертпе

      II бөлік Гауптвахта әкімшілігі көтермелеген адамдарды есепке алу

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Көтермелеу не үшін қолданылды

Көтермелеу түрі

Кім және қашан көтермеледі

Ескертпе

      Ескертпе: Кітап нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Кітап гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

     

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда күдіктілер
мен айыпталушыларды
ұстау қағидаларына
17-қосымша
  Нысан

Әскери полиция органы бастығының жеке қабылдау журналы

      Ескерту. 17-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.10.2023 № 1009 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Күні (жылы, айы, күні)

Қабылдауға келген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Жолданымның қысқаша мазмұны

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме және онда
күдіктілер мен
айыпталушыларды
ұстау тәртібі қағидаларына
18-қосымша
  Нысан

Гауптвахтадан босату туралы анықтама

      Әскери қызметші _____________________________________________________

      (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      20__ж. "____"_______________ – 20__ж. "____"________________

      кезеңінде ________________________сәйкес_____________________________

      (судья қаулысы)

      әскери полиция гауптвахтасында болғанын растау үшін берілді.

      _______________________________

      әскери полиция органының бастығы

      ____________________________________

      (ә/атағы, қолы, тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)

      20 ___ ж. "____" ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады