"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 1010 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын бекіту" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 318 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32305 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының гауптвахтасындағы (бұдан әрі – гауптвахталар) ішкі тәртіптемені және онда сотталғандарды (бұдан әрі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер) ұстауды айқындайды.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға тәулік бойы гауптвахта бастығы немесе гауптвахтаның кезекші ауысым бастығы (бұдан әрі – қабылдаушы адам) қабылдайды, ол осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген гауптвахтаға жеткізілген адамды қабылдау үшін негіз болатын құжаттардың бар болуын және олардың дұрыс ресімделуін тексереді, көрсетілген адамға сауалнама жүргізеді және оның жауабын жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексереді, әскери полиция органы медицина қызметкерінің (фельдшердің) қатысуымен медициналық қарап-тексеруді онымен жынысы бір адам жүргізеді.

      7. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеткізген адам гауптвахта бастығына, ал ол болмаған кезде кезекші ауысым бастығына мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) әскери бөлімнің (мекеменің) елтаңбалы мөрімен расталған сот үкімінің көшірмесін;

      3) сотталғанды жазасын өтеу кезеңінде жабдықталымның барлық түрінен алу туралы әскери бөлім (мекеме) командирі бұйрығының көшірмесін не одан үзіндіні;

      4) әскери бөлімнің (мекеменің) лауазымды адамы қол қойған жеке заттар тізімдемесін (екі данада) ұсынады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні қабылдау, сондай-ақ сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылық пен ақша сомасы туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада сотталғанды қабылдау туралы қолхат жасалады, ол әскери полиция органының құпия емес іс жүргізуінде тіркеледі.

      Қолхаттың бірінші данасы әскери бөлімде (мекемеде) тіркеу және ұстау мерзімі аяқталғанға дейін есепке алу үшін сотталған әскери қызметшіні гауптвахтаға жеткізген адамға, екіншісі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге беріледі, үшіншісі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне тігіледі.

      Гауптвахта бастығы болмағанда сотталған әскери қызметшілердің қабылданғаны туралы кезекші ауысым бастығы ол келген соң баянатпен баяндайды, одан кейін құжаттар мен заттарды олардың тізімдемесімен бірге береді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді камераға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе кезекші ауысым бастығы жүргізеді. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жүріп-тұруы кезінде айдауыл бірге жүреді.

      Басқа камераның гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерімен және өзге де негіздер бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен сөйлесуге, қандай да бір заттарды беруге және хат жазысуға жол берілмейді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:

      1) гауптвахтаға шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстан дәлелсіз себеппен бас тартқан;

      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге, әскери полиция органының әскери қызметшілеріне қатер төндірген немесе балағаттаған, оларға бағынбаған, оның ішінде жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында өзіне қандай да бір қасақана зиян келтірген;

      3) ішкі тәртіптемені және гауптвахтаға қамауға алынған сотталған адамдардың өзін-өзі ұстау талаптарын бұзған;

      4) гауптвахтаның ішкі тәртіптемесі қағидаларында көзделмеген заттарды, құжаттарды, нәрсені, бұйымдарды, азық-түлік өнімін берген (қабылдаған), дайындаған, сақтаған және пайдаланған;

      5) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды тұтынған;

      6) материалдық немесе өзге де пайда алу мақсатында карта, сондай-ақ өзге де құмар ойындарын ойнаған;

      7) гауптвахаға қамауға алынған әскери қызметшілерге және әскери полиция органының әскери қызметшілеріне қатысты құқыққа сыйымсыз әрекет жасаған;

      8) гауптвахта кезекші ауысымының немесе әскери полиция органы басқа да лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамаған;

      9) тыйым салынған заттарды сақтаған, жасаған және пайдаланған жағдайда жаза ретінде жеке камераға қамалады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тыйым салынған заттарды жасыру мүмкіндігі туралы негіздер болған кезде гауптвахтаның кезекші ауысымы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге толық емес тінту жүргізеді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің заттары мен азық-түлiк өнімін сақтауға қабылдауды кезекші ауысым бастығы жүргізеді.";

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Тыйым салынған заттар мен бұйымдар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нәрсені, құжаттарды, заттарды және өзге де материалдық құндылықты беру актісі бойынша гауптвахта бастығына, ал ол болмағанда кезекші ауысым бастығына сақтау үшін тапсырылады, оның көшірмесі гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне тігіледі.

      41. Кезекші ауысым бастығы толық тексеру кезінде қарудың, жарылғыш, улы, уландырғыш, есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсордың алынғаны туралы шешім қабылдау үшін әскери полиция органы бастығының атына баянатпен дереу баяндайды.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге аптасына екі реттен сиретпей ұзақтығы 15 минуттан аспайтын душта жуынуға мүмкiндiк берiледi.

      Моншада жуыну аптасына бір рет гауптвахта бастығы белгілеген күндері және сағатта жүргізіледі. Моншада жуынған күндері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің іш киімі мен төсек-орын жабдығын ауыстыру жүзеге асырылады, оларға медициналық қарап-тексеру жүргізіледі.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жуыну керек-жарағы дәретханаға шығарған уақытта беріледі, одан кейін кезекші ауысым бастығының қарап-тұруымен камерадан тыс орналасқан жуыну керек-жарағын сақтауға арналған құлыпқа жабылатын шкафқа қайта қойылады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді таңертең және кешке камера бойынша атаулы тізім бойынша кезекші ауысым бастығы қарап-тексереді.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Сәлемдемені қабылдап, гауптвахтаның әскери қызметшісі келушіге жеке басын куәландыратын құжатты және қабылдағаны туралы қолы қойылған өтініштің бір данасын қайтарып береді. Өтініштің екінші данасы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші сәлемдемені алғаны туралы қолтаңбасын қойғаннан кейін оның жеке ісіне тігіледі.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісінде сәлемдемені алғаны туралы белгі жасалады. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші өтінішке қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда гауптвахта бастығы немесе кезекші ауысым бастығы тиісті белгі жасайды.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер кезекшілік кестесіне сәйкес камераны және гауптвахтаның басқа да үй-жайларын жинайды, сондай-ақ гауптвахта аумағын көріктендіреді.

      Гауптвахтада камераны, дәретхананы күнделікті және жалпы (аптасына бір рет) жинауды, сондай-ақ еден жууды айдауылмен алып жүрушінің қадағалауымен онда ұсталатын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жүргізеді.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді медицина қызметкерінің (фельдшердің) қабылдауына (медициналық қарап-тексеруге) алдын ала жазу ауысым кезекшілікті қабылдаған және тапсырған және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді салыстырып тексерген кезде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің өтініш білдіруі бойынша жүзеге асырылады.

      Одан басқа, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер медицина қызметкері (фельдшер) күн сайын камераларды аралаған уақытта оған, ал жіті ауырған жағдайда гауптвахта әскери қызметшісіне медициналық көмек алу үшін өтініш жасайды.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші өтініш жасаған гауптвахтаның әскери қызметшісі медицина қызметкерін (фельдшерді) шақырту үшін әскери полиция органы бойынша кезекшіге баяндайды.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің тамақтанудан бас тарту фактісі анықталған кезде кезекші ауысым бастығы гауптвахта бастығына баяндайды. Гауптвахта бастығы оның себебін анықтайды және әскери полиция органының бастығына баяндайды.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Гауптвахтаның кезекші ауысым бастығы гауптвахта бастығына баянатпен жеке камераға қамауға алғаны туралы баяндайды, ол бұл туралы жоғары бастыққа баяндайды.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзған жағдайда, гауптвахта бастығының, кезекші ауысым бастығының шешімі бойынша оның сейілдеуі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.";

      Қағидаларға 3, 14, 15, 16 және 17-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шілдеде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы 9 қазандағы
№ 1010 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері əскери полиция
органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме жəне онда
сотталғандарды ұстау
қағидаларына
  3-қосымша

      Нысан

Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу ЖУРНАЛЫ

      Басталды: 20__жылғы "___"______

      Аяқталды: 20__жылғы "___"_____


Р/с №

Гауптвахтаға қамауға алынған күні мен уақыты

Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты

Әскери бөлім нөмірі

Кім ұстаған (қамаққа алған)

Ұстау себебі (қамаққа алу, не үшін сотталған, ҚР ҚК-ның қандай бабы бойынша)

Қандай мерзімге және қандай камерада ұсталады

Қабылданған заттар, құжаттар мен ақша

Ұстау (қамаққа алу, соттау) мерзімі қашан аяқталады

Қамаққа алынғанды қабылдау кезінде медициналық қарап-тексеру уақыты, моншада жуыну және денесін тексеру туралы жазба (медицина қызметкерінің қолтаңбасы)

Гауптвахтадан босату күні мен уақыты

Гауптвахтаға қабылдаған кезде заттарды, құжаттар мен ақшаны тапсырғаны туралы қолтаңба

Гауптвахтадан босатқан кезде заттарды, құжаттар мен ақшаны алғаны туралы қолтаңба

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы 9 қазандағы
№ 1010 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері əскери полиция
органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме жəне онда
сотталғандарды ұстау
қағидаларына
  14-қосымша

      Нысан

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жазалау мен көтермелеуді есепке алу кітабы

      Басталды: 20__жылғы "___"______

      Аяқталды: 20__жылғы "___"______

I бөлік Жазалауға ұшыраған адамдарды есепке алу

Р/с

Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған кезде)

Жаза не үшін қолданылды

Жаза түрі

Кім және қашан жаза қолданған

Ескертпе

II бөлік Гауптвахта әкімшілігі көтермелеген адамдарды есепке алу

Р/с

Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған кезде)

Көтермелеу не үшін қолданылды

Көтермелеу түрі

Кім және қашан көтермелеген

Ескертпе

      Ескертпе: Кітап нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Кітап гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы 9 қазандағы
№ 1010 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері əскери полиция
органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме жəне онда
сотталғандарды ұстау
қағидаларына
  15-қосымша

      Нысан

Әскери полиция органы бастығының жеке қабылдау журналы

Р/с

Күні (жылы, айы, күні)

Келушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)

Өтініштің қысқаша мазмұны

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы 9 қазандағы
№ 1010 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері əскери полиция
органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме жəне онда
сотталғандарды ұстау
қағидаларына
  16-қосымша

      Нысан

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтiнiштері мен шағымдарын тіркеу кітабы

Р/с

Келіп түскен күнi (жылы, айы, күні)

Өтініш берген адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) және оның әскери қызметке қатынасы)

Өтініштің қысқаша мазмұны

Орындау үшін кімге және қашан берілді және орындаушының қолы

Орындау мерзімі

Қашан және қандай шешім қабылданды

Құжаттар тігілген іс

1

2

3

4

5

6

7

8









      Ескертпе: Кітап нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Кітап гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы 9 қазандағы
№ 1010 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері əскери полиция
органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіптеме жəне онда
сотталғандарды ұстау
қағидаларына
  17-қосымша

      Нысан

Талон

ТАЛОН
(түбіртек)
ТАЛОН
(корешок)




(талонның саны/номер талона)
Өтініш/обращение _________________________________ _________________________________
(өтініш берушінің тегі, инициалдары не
атауы/ фамилия, инициалы либо
наименование заявителя)
_________________________________ _________________________________ __ "__" ________ 20__ж./г. ______ _________________________________ _________________________________
Өтінішті қабылдаған әскери қызметшінің
лауазымы, Т.А.Ә., (болған кезде) қолы/
должность, Ф.И.О., (при его наличии) подпись
военнослужащего, принявшего обращение
_________________________________ _________________________________ _________________________________
(қолы/подпись)
Талон алған адамның қолы/
подпись получившего талон
_________ "__" сағ/час "___" мин.
"___" _________________ 20__ ж./г.

ТАЛОН
(жыртылмалы талон)
ТАЛОН
(отрывной талон)




(талонның саны/номер талона)
Өтініш/обращение _________________________________ _________________________________
(өтініш берушінің тегі, инициалдары не атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя) _________________________________ _________________________________
(қабылданды/принято.
Қабылдаған/принял
(лауазымы, тегі және инициалдары/
должность, фамилия и инициалы) _________________________________ _________________________________ _________________________________ _________________________________ "___" ________________ 20__ ж./г.
_________________
(қолы / подпись)

      Ескертпе:

      1. Талондар нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Талондар гауптвахтаның кезекшi ауысым бастығында сақталады.

      2. Талонның бірегей нөмірінде бірінші жұп болып өтінішті тіркеу жылы, екінші жұп болып – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коды, үшінші жұп болып – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың) коды, төртінші жұп болып – ауылдық округтің коды белгіленеді. Субъектінің коды және талонның реттік нөмірі бес цифрдан тұрады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады