"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 684 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 18 желтоқсандағы № 1327 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 684 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидаларында:

      28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жабдықталым органы сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу кезінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының, 38-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 187134 болып тіркелген) және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының ережелерін ескереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "20015 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында оранластыру;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады