"Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ветеринарлық мүлікпен және қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 314 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1383 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ветеринарлық мүлікпен және қызметтік жануарлармен жабдықтау заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 314 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11645 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ветеринарлық мүлікпен және қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларында:

      "Емдеу-профилактикалық жұмысқа арналған ветеринарлық (дәрі-дәрмектер, антибиотиктер, дәрумендер) және биологиялық (вакциналар, сарысулар, антигендер) препараттармен жабдықтау нормалары" деген 1-нормада:

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      Осы Нормаларда көрсетілмеген, Еуразиялық экономикалық одақ ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген, мекеменің жұмысы және практикаға енгізу үшін қажетті өзінің арналуы және қолданылуы бойынша ұқсас басқа бірлікті сатып алуға және бір номенклатуралық бірлікпен ауыстыруға жол беріледі.";

      "Зертханалық-диагностикалық жұмыстарға арналған реактивтермен, бояулармен, химиялық заттармен (шығыс материалдары) жабдықтау нормалары" деген 2-нормада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с №

Жабдықтау нормасының атауы

Өлшем
бірлігі

Саны

№ 3 ветеринариялық-эпизоотиялық орталық

Өңірлік және орталық азық-түлік қоймасының (базасының) № 4 зертханасы

  ";

      "Емдеу-профилактикалық және зертханалық-диагностикалық жұмыстарға арналған залалсыздандыру, дәрілеу, дератизациялау құралдарымен, таңу және тігу материалдарымен, хирургиялық құралдармен, дәрігерлік заттармен және басқа да мүлікпен жабдықтау нормалары" деген 3-нормада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с №

Жабдықтау нормасының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

№ 5 ветеринариялық-эпизоотиялық орталық

Әскери бөлімнің № 6 ветеринариялық лазареті

Қызметтік иттерді өсіруге және дайындауға арналған № 7 ветеринариялық питомник

  ";

      "Зертханалық жабдықпен және аспаптармен жабдықтау нормалары" деген 4-нормада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с №

Жабдықтау нормасының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

№ 8 ветеринариялық-эпизоотиялық орталық

Әскери бөлімнің № 9 ветеринариялық лазареті

Қызметтік иттерді өсіруге және дайындауға арналған № 10 ветеринариялық питомник

Пайдалану мерзімі

  ";

      "Зертханалық-диагностикалық жұмыстарға арналған зертханалық мүлікпен және ыдыспен (шығыс) жабдықтау нормалары" деген 5-нормада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с №

Жабдықтау нормасының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

№ 11 ветеринариялық-эпизоотиялық орталық

Өңірлік және орталық азық-түлік қоймасының (базасының) № 12 зертханасы

  ";

      11 және 12-нормалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелерін қызметтік итпен қамтамасыз ету нормалары

Р/с№

Объекті (бөлім, бөлімше) атауы және олардың сипаттамасы

Жабдықтау нормасының атауы

Иттің санаты (бас)

Іздеуші

Патрульдік-іздеуші

Қарауыл

Есірткіні іздеуші

Мина іздеуші (жарылғыш затты іздеу үшін)

Асыл тұқымды

Күшіктер

Қолданыс (пайдалану) мерзімі

1) әскери бөлімдердің қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймасы:

1.

Тәулік бойы күзетілетін тұрақты объект

2

2


-

1

-

-

8 жыл
3 ай

2.

Тәулік бойы күзетілетін тұрақты объектінің көлік өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті

-

2

-

-

-

-

-

8 жыл
3 ай

2) әскери полиция органы:

3.

Әскери полиция басқармасы

3

-

3

-

-

-

-

8 жыл
3 ай

4.

Әскери полиция бөлімі

2

-

2

-

-

-

-

8 жыл
3 ай

3) оқу-жаттығу орталығы (орны), иттерді өсіру және көбейту питомнигі:

5.

Кинологиялық қызмет мамандарын даярлау оқу-жаттығу взводы (тобы)

1

1

1

1

1

-

1 курсантқа

8 жыл
3 ай

6.

Иттерді өсіру және көбейту питомнигі

-

-

-

-

-

10

10

8 жыл
3 ай

4) жедел мақсаттағы әскери бөлім (бөлімше):

7.

Жедел мақсаттағы батальон

1

4






8 жыл
3 ай

8.

Жедел мақсаттағы бөлімнің (бөлімшенің) жедел әскери резерві

-

-

-

1

1

-

-

8 жыл
3 ай

5) арнайы мақсаттағы әскери бөлім (бөлімше):

9.

Арнайы мақсаттағы жасақ

3

-

-

1

2

-

-

8 жыл
3 ай

10.

Арнайы мақсаттағы топ

1

-

-

1

1

-

-

8 жыл
3 ай

      Ескертпе: жарамсыз қызметтік жануарлар деп танылған есептен шығарылған қызметтік жануарлар (қызметтік ит) осы жануарды күтіп-ұстау үшін қолайлы жағдай жасауға қабілетті жануарларға арналған жерге, кинологиялық ұйымға, әскери полиция органының және әскери бөлімнің кинологтарына немесе заңды тұлғаларға берілуге тиіс.

      12. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ветеринариялық қызметін техникамен және техникалық құралдармен жабдықтау нормалары

Р/с №

Атауы

Есепке алу бірлігі

Ветеринариялық- эпизоотиялық орталық

Таулы-егерьлік полк

Пайдалану мерзімі

1.

Автомобиль базасындағы жылжымалы ветеринариялық зертхана (ЖВЗ)

бірл.

5

-

10 жыл

2.

Автомобиль базасындағы "Азық-түлік өнім сапасының ветеринариялық-санитариялық сараптамасы" жылжымалы зертханалық кешені (ЖЗК)

бірл.

5

-

10 жыл

3.

Автомобиль базасындағы Комаров дезинфекциялау қондырғысы (КДҚ-1)

бірл.

4

1

10 жыл

4.

Жартылай тіркеме базадағы дезинфекциялау қондырғысы (ЛСД-3М)

бірл.

4

-

10 жыл

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады