"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 20 ақпандағы №03-06-70 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы аумағында келесі аудандарда залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын:
1) Жарқайың ауданы, Отрадный ауылдық округі, залалданған ауданы - 400 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;
2) Қорғалжын ауданы, Кеңбидайық ауылдық округі, залалданған ауданы - 150 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;
3) Қорғалжын ауданы, Қарашалғын ауылдық округі, залалданған ауданы - 615 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;
4) Сандықтау ауданы, Васильев ауылдық округі, залалданған ауданы - 540 гектар жатаған (қызғылт) укекіре.
5) Целиноград ауданы, Мәншүк ауылдық округі, залалданған ауданы - 0,46 гектар далалық арам сояу.
2. "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржықпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № А-3/79 қаулысына 1-қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына 1-қосымша |
Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) укекіремен залалданған аймақтардың көлемі
№ | Аудандардың атауы | Ауылдық округтердің атауы | Залалданған жерлердің көлемі, га |
1 | Ақкөл | Ауылдық округтері: Новорыбин, Урюпин | 517 |
2 | Астрахан | Ауылдық округтері: Первомай, Николаев, Ұзынкөл, Астрахан, Есіл, Острогор, Каменка ауылы. | 11 680,3225 |
3 | Атбасар | Ауылдық округі: Сергеевка, Шұңқыркөл, Атбасар қаласы. | 976,9417 |
4 | Аршалы | Ауылдық округтері: Жібек жолы, Константинов, Бірсуат | 960 |
5 | Бұланды | Ерголка ауылдық округі. | 377 |
6 | Біржан сал | Ауылдық округтері: Баймырза, Бірсуат, Макинка, Мамай ауылы | 2367 |
7 | Егіндікөл | Ауылдық округтері: Алакөл, Ұзынкөл, Жалманқұлақ; ауылдар: Абай, Спиридоновка, Буревестник, Егіндікөл, Бауман. | 13 712,3 |
8 | Ерейментау | Еркіншілік ауылдық округі | 650 |
9 | Есіл | Ауылдық округтері: Бұзылық, Двуречный, Жаныспай, Красивинский, Қаракөл, Свободный; ауылдар: Ақсай, Московский; Красногорский кенті | 18 477,0 |
10 | Жарқайың | Державин қаласы, ауылдық округтері: Уәлихан, Жаңадала, Костычево, Нахимов, Отрадный; ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Құмсуат, Львов, Пригород, Пятигор, Тасөткел, Тассуат, Шойындыкөл, Үшқарасу. | 82 484,5 |
11 | Жақсы | Ауылдық округтері: Жаңа Қийма, Ешім, Қызылсай, Запорожье, Тарасов, Беловод, ауылдар: Жақсы, Терісаққан, Белағаш, Подгорное, Киевское, Новокиенка | 13 768,8816 |
12 | Зеренді | Ауылдық округтері: Зеренді, Күсеп. | 683 |
13 | Сандықтау | Ауылдық округтері: Барақпай, Васильев, Веселов, Жамбыл, Сандықтау, Широков, Максимов; Мәдениет ауылы, | 5 896,0 |
14 | Қорғалжын | Ауылдық округтері: Қорғалжын, Кеңбидайық, Арықты, Майшұқыр, Қызылсай, Амангелді, Қарашалғын. | 32 152,26 |
15 | Целиноград | Ауылдық округтері: Шалқар, Софиевка, Рахымжан Қошқарбаев, Арайлы, Жаңаесіл, Нұресіл, Оразақ, Жарлыкөл, Родина; ауылдар: Мәншүк, Ақмол | 38 202,5077 |
16 | Шортанды | Ауылдық округтері: Раевка, Новокубанка, Бектау, Пригородный, Петровка, Андреевка, Бозайғыр, Дамса; Шортанды кенті. | 11 373,267 |
Барлығы: | 234 277,9805 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № А-3/79 қаулысына 2-қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысы аумағында карантиндік арамшөп – далалық арам сояумен залалданған жерлердің көлемі
№ | Аудандардың атауы | Қалалар, кенттер, ауылдық округтер және ауылдардың атауы | Залалданған алаң, га |
1 | Есіл | Ауылдық округтері: Двуречный, Қаракөл, Интернациональный, Свободный. | 40,0 |
2 | Жақсы | Ауылдық округтері: Ешім, Жаңа Қийма, Қызылсай. | 10,188 |
3 | Жарқайың | Ауылдық округтері: Уәлихан, Жаңадала, Отрадный; ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Пригород, Пятигор, Далабай. | 44,3 |
4 | Сандықтау | Ауылдық округтері: Балкашин, Сандықтау, Широков. | 6,9 |
5 | Зеренді | Айдабол ауылдық округі | 0,4884 |
Барлығы: | 101,8764 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 09 наурыздағы № А-3/79 қаулысына 3-қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына 3-қосымша |
Ақмола облысы аумағында орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған жерлердің көлемі
№ | Аудандардың атауы | Ауылдық округтердің атауы | Залалданған алаң, га |
1 | Сандықтау | Балкашин ауылдық округі | 17,5 |
Белгород ауылдық округі | 35,0 | ||
Барлығы: | 52,5 |