Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"3-1) ірі габаритті қалдықтар-мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"7-1) мамандандырылған ұйымдар-коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:
1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;
3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
"27-1. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.
Жеке және заңды тұлғалар құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізеді.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жұмыскерлер контейнерлерден мамандандырылған көлікке түсіру кезінде төгілген қоқыстарды дереу жинайды.";
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
"32-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.";
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
"33-1. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты төрағасының мендетін атқарушы |
А.Балташева |